ruenkz

Тариф және маркетинг басқармасы

«Қазаэронавигация» РМК-ның реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерін көрсету жөніндегі 2016жылғы жұмысы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы Астана қаласында орналасқан орталық аппараттан және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан он бес филиалдан тұрады.

2016 жылы Кәсіпорынның орташа тізімдік қызметкерлер саны 2630 адамды құраған.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аэронавигация қызметі табиғи монополиялар саласына жатады.

Табиғи монополиялар саласындағы кәсіпорынның қызметін бақылау және реттеуді уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

 

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өндірістік көрсеткіштер

2016 жылы ұшақ – километрлер284 459 мың см-км, оның ішінде реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметі – 60 281 мың см-км.

2016 жылы ұшақ – ұшып шығулар тоннажы 5 718 мың. тонна, оның ішінде реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметі – 3 120 мың тонна.

Қаржылық көрсеткіштер

2016 жылы кәсіпорынның кірісі 60 030 млн. теңгені құрады.

2016 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 58 615 млн. теңге мөлшерінде болды. 2016 жылы аэронавигациялық қызмет көрсетуден түскен кіріс 58 399 млн. теңгені, оның ішінде реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметі – 2 708 млн. теңгені құрады.

 

2. КӘСІПОРЫННЫҢ 2016 ЖЫЛЫ РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨЛЕМІ

Кәсіпорынның реттеліп көрсетілетін қызмет түрлеріне мыналар жатады:

-халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;

- халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

2016 жылы реттеліп көрсетілетін қызметтен түскен кіріс 2 708 млн. теңгені құрады. Реттеліп көрсетілетін қызмет АНҚ жалпы кірісінен 5% құрайды.

Реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша Қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау бойынша жалпы көлемінен тұрақты ішкі тасымалдау үлесі жеткілікті болып есептеледі және 2016 жылы шамамен 90% құрады.

 

3. 2016 ЖЫЛҒЫ ТАРИФТІК СМЕТАНЫҢ БАПТАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУЫ

Реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінен түскен нақты кіріс 2016 жылы 2 708 млн. теңгені, соның ішінде әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түскен кіріс – 1 750 млн. теңгені және әуеайлақ маңында – 958 млн. теңгені құрады.

2011-2016 жылдар аралығында халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер залалды болды.

2016 жылғы залал 2 277 млн. теңгені құрады (ӘК (- 1 928) млн. теңге және ӘМ (– 349) млн. теңге).

 

4. КӘСІПОРЫННЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2016 жылы жұмсалған инвестициялар сомасы 10 028 823,6 мың теңгені құрады (жедел деректер), олар мынадай іс-шараларға  жұмсалды:

  • Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ӘҚБ АЖ) орталықтарын жетілдіруге жалпы 297 991,25 мың теңге сома;
  • тірек-навигациялық пункттер (ТНП) желісін құруға 147 111,5 мың теңге сома;
  • навигация  және бақылау жүйелерін дамытуға 6 637 358,67 мың теңге сома;
  • авиациялық электр байланысы және ақпараттық коммуникацияларды дамытуға 1 139 093,83 мың теңге сома;
  • аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметін дамытудың нысаналы бағдарламасын іске асыруға 109 338,1 мың теңге сома;
  • РТҚ ғимараттарының, құрылыстары мен объектілерінің құрылысы мен оларды жөндеуге 361 218,5 мың теңге сома;
  • негізгі құралдар сатып алуға 1 336 711,77 мың теңге сома.

2016-2017 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны түзету Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 320-НҚ және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 631 бірлескен бұйрығымен бекітілген.

2016 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның сомасы 2 578 840 мың теңгені құрады. Инвестициялық бағдарламаның орындалуы 100% немесе 2 578 840 мың теңгені құрады.

Инвестициялық бағдарлама аясында мынадай іс-шаралар атқарылды:

  1. Астана радиолокациялық кешенін дамытуға 1 148 087 мың теңге сома (S ауқымындағы әуеайлақтық біржақты радиолокатор, S режимімен, радиотолқын өткізетін жабынмен және ADS-B жабдығымен жарақталған моноимпульсті екіжақты радиолокатор сатып алу);
  2. Алматы әуеайлақ кешенін дамытуға 388 245 мың теңге сома (ILS сатып алу);
  3. Көкшетау әуеайлақ кешенін дамытуға 1 042 508 мың теңге сома (S ауқымындағы әуеайлақтық біржақты радиолокатор, S режимімен  және ADS-B жабдығымен жарақталған моноимпульсті екіжақты радиолокатор сатып алу).

Инвестициялар көзі– меншікті қаражат.

 

5. РЕТТЕЛІП КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС

Жалпы 2016 жылы реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтері Қазақстан Республикасының 51 авиакомпаниясына ұсынылды.

 Бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының авиакомпанияларымен халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған 14 шарт жасалды және қайта жасалды.

 2016 жыл ішінде реттеліп көрсетілетін аэронавигация қызметтерінің негізгі тұтынушылары:

  • «Эйр Астана» АҚ;
  • «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ;
  • «BEK AIR» АҚ;
  • «Qazaq Air» АҚ;
  • «БҮРКІТ» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК;
  • «Южное небо» авиакомпаниясы» АҚ;
  • "SKYBUS" АҚ;
  • «COMLUX-KZ» авиакомпаниясы» ЖШС;
  • «Жезқазған Эйр» авиакомпаниясы» АҚ (ZHEZAIR);
  • «Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ болды.

Қазақстан Республикасының жоғары әуе кеңістігінде және әуеайлақ маңында әуе кемелеріне қызмет көрсетуді кәсіпорын қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асырды.

 

6. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ БОЛАШАҒЫ

Қаржылық жағдай – кірістерді қалыптастыруға, ағымдық шығындардың орнын толтыруға және өндірістің инвестициялық дамуына, негізгі өндірістік қорлардың жаңаруына, әлеуметтік инфрақұрылымның жасалуына тікелей әсер ететіндіктен тарифтік саясатты жүзеге асыру Кәсіпорын қызметінің маңызды элементі болып табылады.

«Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2016-2020 жылдарға халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 435-ОД бұйрығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2016-2020 жылдарға халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету және әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейі қолданысқа енгізілді. 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы бұйрығымен «Қазаэронавигация» РМК-ның мемлекеттің аэронавигациялық жүйені техникалық жаңартуды және инновациялық жетілдіруді көздейтін негізгі стратегиялық құжаты – 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламада жаһандық аэронавигациялық жоспарда және әуе қозғалысын ұйымдастырудың жаһандық пайдалану тұжырымдамасында  қарастырылған  заманауи озық әдістер мен әуе қозғалысын ұйымдастыру, қызмет көрсету үрдістерінің технологиясын енгізу қарастырылды, соның ішінде:

  • PBN және АЗН–В базасында ӘК перспективалық тұжырымдамасы;
  • биіктікті азайту және алу сызбасын жаңарту (SID/STAR, CCO/CDO);
  • жоғарғы әуе кеңістігіндегі RNAV5;
  • әуе кеңістігін тиімді пайдалану;
  • еркін маршруттау;
  • GNSS енгізу;
  • ADS-B әрекет ету аймақтарын кеңейту;
  • ААБ жүйесін дамыту;
  • ұшудың орындалу тиімділігінің мақсатты көрсеткіштерін анықтау және т.б.

Бағдарламаға қойылған мақсаттар мен нәтиже көрсеткіштеріне жету үшін негізгі шаралардың барлық кешені кіреді.

Бағдарламаның орындалуының қорытындысы бойынша:

  • ҚР ӘК тұтынушылардың пайдаланым шығындары азаяды;
  • ҚР ӘК арқылы транзиттік ағын артады;
  • аэронавигациялық қызмет көрсету салдары бойынша күрделілігі бірінші кластық оқиғалар қаупі (қызмет көрсетілген ӘК санының өсуі кезінде) 2015 жылғы деңгейде қалады

Табиғи монополия субъектісінің 2017 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат (01.12.17ж.)

Табиғи монополия субъектісінің 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат (01.06.18ж.)

«Қазаэронавигация» РМК  2017  жылға инвестициялық бағдарламаны орындау туралы ақпараты

Табиғи монополия субъектісінің 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу барысы туралы ақпарат (01.12.18ж.)

2019 жылдың бірінші тоқсаны үшін табиғи монополия субъктісің инвестициялық бағдарламасыныі орандалуы туралы ақпарат

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында 2018 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектісі қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы алдын ала есеп

«Қазаэронавигация» РМК-ның 2018 жылғы реттеліп көрсетілетін
аэронавигация қызметтерін көрсету бойынша қызметі туралы есеп