ruenkz

Кәсіби дайындау орталығы туралы

«Біздің мақсат – білікті авиация мамандарын даярлаудың бірыңғай жүйесін құру»

Кәсіби дайындау орталығының (КДО) командасы авиация саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге кәсіби даярлаудың заманауи сертификатталған бағдарламаларын ұсынады. ICAO Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аясындағы кәсіби даярлаудың ғаламдық жүйесінің толық құқықты қатысушысы ретінде КДО халықаралық оқыту стандарттарын қолдануды және насихаттауды басты бағыт ретінде ұстанады.

Бұл бағытты ұстануға TRAINAIR PLUS бағдарламасының толық құқықты қатысушысы мәртебесі, ICAO сертификатын алған курс әзірлеушілері және осы ұйым бекіткен стандартталған оқу кешендері мүмкіндік береді. Мұндай мәртебеге Солтүстік Атлантикалық және Еуропалық ICAO бюросына тиесілі 5 оқу орталығы ғана ие.

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының аудиториялары жайлы, жабдықтары заманауи, инфрақұрылымы дамыған және қызметкерлері білімін жыл сайын белгілі серіктес оқу орталықтарында жетілдіреді.

Нарықта 2005 жылдан бері жұмыс істей отырып, КДО республиканың және жақын шетелдің түрлі авиакәсіпорындарында жұмыс істейтін бес мыңнан астам авиация мамандарын түрлі бағыттар бойынша кәсіби даярлауды  жолға қойды. 

Авиация қызметіне қатысты маңызды мәселелердің басым көпшілігі КДО-ның көлемі тұрақты түрде және едәуір өсіп тұратын оқу курстарында қамтылған.

Жетекші авиациялық оқу ұйымдарының тәжірибесіне және өзінің портфолиосына  сүйене отырып, КДО түрлі қызмет бағыттарын дамытады, өңірдегі салаға деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін мейлінше жедел шешімдер әзірлеп, қабылдау жолында бірлесіп жұмыс істеудің ашық түрлерін ұсынады.

КДО   тек білім беру  шешімдерін және төмендегілерді қамтитын 80 бағыт бойынша бағдарламаны іске асыра отырып, пайдалану кәсіпорнында жұмыс істейтін және жаттығу жабдығында тәжірибелік оқытуды және пайдалану тәжірибесін  ұсынатын авиациялық оқу орталықтарының бірі болып табылады:

- Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерін және авиакомпаниялардың ұшуды қамтамасыз ететін қызметкерлерін бастапқы даярлаудың жалғастырушы курстары;

- Жердегі радиотехникалық құралдарды пайдалану және метеорологиялық ақпаратты қамтамасыз ету мамандарын бастапқы даярлау (бейімдеу);

- Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімді даярлау курстары;

- Авиация мамандарының кәсіби деңгейін қолдау;

- Кәсіби даярлау саласында ұлттық және халықаралық конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастыру және өткізу.

КДО екі түрлі тестілеу жүйесі арқылы жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін ИКАО шкаласы бойынша анықтауға мүмкіндік беретін жалғыз тестілеу орталығы.

Озық халықаралық тәжірибені ұстана отырып, КДО Еуропаның біріккен авиация биліктерінің  оқу орталығы JAATO, Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебі ENAC, Чехия аэронавигация институты, Сингапур авиация академиясы, DFS академиясы; «FlyLevel» авиациялық даярлау орталығы; Украина ұлттық авиация университеті, Мәскеу аэронавигация институты сияқты белгілі халықаралық авиациялық даярлау қызметтерін ұсынушылармен серіктестік және іскерлік қарым-қатынастар орнатты.

КДО Мемлекетаралық авиация комитеті (МАК)  жанындағы Үйлестіру кеңесінің (ҮК) азаматтық авиация  және әуе кеңістігін пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің авиация мамандарын даярлау бойынша мүшесі болып табылады.