ruenkz

Ұшуды іздестіру-құтқарумен және метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесі

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 04 қарашадағы №1296 қаулысымен бекітілген ҚР аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының негізінде Іздестіру және құтқару жөніндегі үйлестіру орталығы құрылды.

Бұл орталық ҚР аумағында іздестіру-құтқару іс-шараларын жүргізу кезінде барлық мүдделі қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Үйлестіру орталығы төмендегі функцияларды орындайды: ҚР аумағында апатқа ұшырау жағдайындағы және апатқа ұшыраған ӘК туралы ақпаратты қабылдайды, авариялық жағдай орын алғанда және олардың дайындығын тексеру кезінде кезекші іздестіру-құтқару ӘК ұшыруға нұсқау береді. 

Сонымен қатар, Үйлестіру орталығы бастапқы жоспарды әзірлейді, жұмысты үйлестіреді және әскери іс-қимылдар мен т.с.с. барысында апатқа ұшыраған ӘК экипаждарын іздестіру мен құтқаруды ұйымдастырады.

Үйлестіру кеңесі іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру және жүргізу жоспарларын бекітті, ҚР әуеайлақтарында (қону алаңдарында) азаматтық және мемлекеттік авиацияның кезекші ІҚӘК орналастырды.

ААК Төрағасы бекіткен Жоспар-кестеге сәйкес 2014 жылғы                          15 қазаннан бастап 2015 жылғы 06 қаңтарды қоса алғанға дейін Қостанай, Жезқазған, Балқаш, Қарағанды, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Павлодар және Өскемен қалаларында іздестіру мен құтқару аудандарында үйлестіру оқу-жаттығулары жүргізілді. 

2015 жылғы ақпан айында Тараз бен Қызылорда қалаларында ІҚА үйлестіру оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.

Бүгінгі күні Астана, Алматы (Боралдай), Шымкент әуеайлақтарында мемлекеттік авиация әуе кемелерінің іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша кезекшілік ұйымдастырылды. ІҚӘК кезекшілігі іздестіру-құтқару жұмыстарын көзбен шолып істеу үшін күндізгі уақытқа белгіленген.

14 жауапкершілік ауданының 13-де жалпы сомасы 410 000 246 теңгеге (Талдықорған әуеайлағында орналасуды ескерген жағдайда 464 902 426 теңге) ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі шарттар жасалды.

Шарттық міндеттемелерді орындау мақсатында ІҚӘК кезекшілігі бойынша қызмет көрсетушілер тұрақты түрде тексеріледі. 

Іздестіру және құтқару бойынша байланысты тексеру және үйлестіру оқу-жаттығуларын жүргізудің жоспар-сценарийлері әзірленді және бекітілді, іздестіру мен құтқарудың 13 жауапкершілік ауданында байланысты тексеру оқу-жаттығулары жүргізілді.

Байланысты тексеру оқу-жаттығуларының қорытындылары бойынша ААК мен авиакомпаниялардың өкілдерімен Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі байланысты тексеру оқу-жаттықуларының қорытындыларын жасау бойынша кеңес (талқылау) өткізілді.

Ұшуды іздестіру-құтқарумен және метеорологиялық қамтамасыз ету бөлімінің, ӘҚҚ органдарының мамандарын оқу орталықтарында іздестіру мен құтқару мәселелері бойынша оқыту және әуе кемесін ІҚҮО-дағы координаталар бойынша іздестіру мен құтқару бағдарламалық жасақтамасын енгізу жоспарланып отыр.

Өз жұмысында қазақстандық орталық шекаралас мемлекеттердің Үйлестіру орталықтарымен бірлесіп іс-қимыл жасайды және халықаралық спутниктік жүйелер (Коспас-Сарсат) арқылы авариялық хабарламаларды қабылдайды.