ruenkz

Медицина орталығы

 

Авиациялық медициналық орталық Қазақстандағы бірегей инновациялық бағыттағы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін медициналық жабдығы бар, кадрлық әлеуеті зор медициналық орталық болып табылады.

Медициналық сараптау қызметін жүзеге асырумен қатар, азаматтық авиацияның авиациялық персоналын емдеуді, диагностикалық және оңалту қызметі көрсетеді, медициналық куәландыру аралығындағы кезеңде динамикалық тұрғыда бақылау жүргізеді. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 736 қаулысына сәйкес Авиациялық медициналық орталық 2013 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазаэронавигация» РМК құрылымына кірді.

Жарғыға сәйкес Авиациялық медициналық орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. авиамедициналық қызмет, азаматтық авиацияның авиация персоналын куәландыру;
  2. амбулаториялық-емханалық көмек;
  3. консультациялық-диагностикалық қызмет;
  4. оңалту және медициналық сауықтыру;
  5. санитарлық-гигиеналық қызмет;
  6. уақытша жұмысқа жарамсыздығын және кәсіби жарамдылығын сараптау;
  7. міндетті медициналық тексеру, ұшу алдындағы, ауысым алдындағы және ауысым соңындағы медициналық тексерулер;
  8. авиациялық медицина саласындағы оқу-әдістемелік қызмет.

Барлық қызмет түрлері нормативтік құықтық актілермен реттеледі, олар өзара тығыз байланысты және Кәсіпорын қызметінің мақсатына қол жеткізуге, атап айтқанда Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласының медициналық қажеттілігін қамтамасыз етуге  бағытталған.

- Медициналық қамтамасыз ету Авиациялық медициналық орталықтың авиациялық медициналық сарапшы мамандарының күшімен медициналық сертификат бере отырып, медициналық куәландыру арқылы жүзеге асырылады:

- Медициналық куәландыру – жеке тұлғаның ауруларын бар және жоқтығын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын анықтау, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздығын, кәсіби және өзге жарамдылығын анықтау мақсатында жеке тұлғаны тексеру;

- Медициналық сертификат – өтініш берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін растайтын және кәсіби қызметке рұқсатты қамтамасыз ететін медициналық куәландырудың оң нәтижелері бойынша берілетін белгіленген үлгідегі құжат;

- Авиациялық медициналық сарапшы – медициналық куәландыруды өткізу арқылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын, авиациялық медициналық сарапшы сертификаты бар жеке тұлға;

- Аавиациялық медициналық орталық – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға  (немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).

Авиациялық медициналық орталық өз қызметін 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №15022637 медициналық қызмет көрсетумен айналысуға лицензияның және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті берген авиациялық медициналық қызмет көрсетуге № 1 сертификаттың негізінде жүзеге асырады. Лицензия мерзімсіз, ал сертификат Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 22 қарашаға дейін қолданылады.

Қазіргі уақытта Орталық базасында Германияның «Siemens» фирмасының жаңа қуатты бірегей цифрлық рентгенодиагностикалық кешені қызмет етеді. Оның көмегімен сәуле аз түсіретін  190 см дейін қамти алатын сапасы жоғары кескіндер жасауға болады және кескінді шығару уақыты 5 секундқа дейін қысқартылған. Орталықта акушерлік-гинекологиялық пакеті мен толық толық тамырлар пакеті бар ішкі органдардың УДЗ арналған эксперт класты  италияндық «MyLab» ультрадыбыстық екі сканер бар. Офтальмологиялық кабинет көз ішіндегі қысымды жанаспай өлшеуге, электрондық периметрияға, авторефрактометрияға арналған жапондық, оңтүстік кореялық және германиялық «Topcon», «Tomey», «Neitz», «Kawe» өндірісінің жабдықтарымен толықтай жинақталған. Жапондық «Sismex» қанды автоматты биохимиялық және гемотологиялық талдауыштар, функционалдық зерттеулер үшін италияндық және оңтүстік кореялық электрокардиографтар, АД және ЭКГ тәуліктік мониторинг аппараттары сатып алынған.

Бүгінгі таңда Медициналық орталықтың жабдықтар жинағы Авиациялық медициналық орталықта жан-жақты тексеру жүргізуге және ең дұрыс нәтиже шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар үнемі шетелдерде білім алу, халықаралық конференциялар мен съездерге қатысу, әлемнің жетекші авиациялық медициналық орталықтарымен (Норвегия, Германия, Румыния, Россия, Молдова, Белоруссия) халықаралық байланыста болу Орталыққа даярлығы жоғары және авиациялық медицинада тәжірибесі бар дәрігерлерді тартуға және ведомстволық денсаулық сақтау саласында лайықты орын алуға мүмкіндік береді.

2017 жылғы 16 маусымда «Қазаэронавигация» РМК қолдауымен Азаматтық авиация комитеті ұйымдастырған Алматы қ. азаматтық авиацияның медициналық қызметінің өзекті мәселелері бойынша Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға 75 делегат қатысты. Конференция Қырғызстанның, Азаматтық авиация академиясы, "Ақ Жүрек" қоғамдық қоры өкілдерінің, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының, Алматы халықаралық әуежайы мамандарының, 24 авиакомпанияның («Эйр Астана» АҚ, «АК BekAir», «SCAT» АҚ, ОЮЛ «КАМА», «KazAirJet» АК, «Zhersuavia», «Альтаир Эйр» АК және т.б.) өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңын (2017 жылғы 10 мамырдағы өзгерістерімен және толықтыруларымен)  орындау үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің ИКАО ұсынатын тәжірибеге және стандарттарға сәйкес авиациялық медицина жөніндегі 4 бұйрығы қолданысқа енгізілді, оларды әзірлеуге Кәсіпорынның Медициналық орталығының мамандары белсенді түрде атсалысты.

  1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 15325 болып тіркелді. «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған.
  2. «Азаматтық авицияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бектіу туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2017 жылғы 11 шілдеде № 15323 болып тіркелді. «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған.
  3. «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15456 болып тіркелді. «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған.
  4. «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15457 болып тіркелді. «ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» АЖ 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған.

 

2017 жылдың қыркүйек айында бұл бұйрықтар қолданысқа енгізіліп, Қазақстан Республикасындағы медициналық куәландыру саласында өзгерістер орын алды, осы ретте сәйкесінше Кәсіпорынның Медициналық орталығының құрылымы мен штат кестесінде де өзгерістер болды.

2017 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК сертификаттық жұмыстар жүргізіп, орталыққа Авиациялық медициналық орталық  (АМО) мәртебесі берілді, дәрігерлердің білімі расталып, Кәсіпорынның штат кестесіне сәйкес үш авиамедициналық сарапшыға (АМС) сертификат берілді.

Сертификаттау нәтижелері бойынша Авиациялық медициналық орталық ағымдағы жылдың 28 қарашасынан бастап нормативтік құқықтық актілердің жаңа талаптарына сәйкес қызмет атқара бастады, яғни комиссиялық медициналық сараптамадан (ДҰСКО) бас тартылып, авиамедициналық сарапшылар институты енгізілді, бір жерден - АМС медициналық сертификат бере отырып авиациялық персоналды медициналық куәландыру көзделген.

Бұл азаматтық авиацияны британдық үлгіге жақындата отырып, яғни АМС институтын енгізіп және комиссиялық сараптамадан бас тартып, Қазақстан Республикасы Президенті мәлімдеген 5 институционалдық реформаны орындау жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру жүйесін түбегейлі өзгертуге әкелді.

Авиациялық медициналық орталықтың ұжымы авиациялық медицинаға шынайы қызмет етудің озық дәстүрлері мен үлгілеріне, өз ісіне деген сүйіспеншілікке, ұшу қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етуге негізделген бағытта өз жұмысын жалғастыруда.

«Қазаэронавигация» РМК жүргізетін түрлендірудің нәтижесінде ең басты басымдықтар – Қазақстан Республикасының азаматтық авиация персоналының денсаулық жағдайы мен кәсіби ұзақ жасауымен байланысты ұшу қауіпсіздігін басқару іске асырылып және жетілдіріліп отырады.