ruenkz

Кәсіби дайындау орталығы туралы

Біздің мақсат – білікті авиация мамандарын даярлаудың бірыңғай жүйесін құру

Кәсіби дайындау орталығының командасы авиация саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге кәсіби даярлаудың заманауи сертификатталған бағдарламаларын ұсынады. ICAO Халықаралық азаматтық авиация ұйымы аясындағы кәсіби даярлаудың ғаламдық жүйесінің толық құқықты қатысушысы ретінде Кәсіби дайындау орталығы халықаралық оқыту стандарттарын қолдануды және насихаттауды басты бағыт ретінде ұстанады.

Бұл бағытты ұстануға TRAINAIR PLUS бағдарламасының толық құқықты қатысушысы мәртебесі, ICAO сертификатын алған курс әзірлеушілері және осы ұйым бекіткен стандартталған оқу кешендері мүмкіндік береді. Мұндай мәртебеге Солтүстік Атлантикалық және Еуропалық ICAO бюросына тиесілі 5 оқу орталығы ғана ие.

«Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығының аудиториялары жайлы, жабдықтары заманауи, инфрақұрылымы дамыған және қызметкерлері білімін жыл сайын белгілі серіктес оқу орталықтарында жетілдіреді.

Нарықта 2005 жылдан бері жұмыс істей отырып, Кәсіби дайындау орталығы республиканың және жақын шетелдің түрлі авиакәсіпорындарында жұмыс істейтін бес мыңнан астам авиация мамандарын түрлі бағыттар бойынша кәсіби даярлауды  жолға қойды.

 

План-график комм. курсов ЦПП 2017