ruenkz

Еуропалық сапа ұйымы

Басқару тиімділігін және аэронавигациялық қызметтердің әлемдік нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында 2015 жылы «Қазаэронавигация» РМК-да: 

  • ISO 9001 (ҚР СТ ИСО 9001) – Сапа менеджменті жүйесі; 
  • ISO 50001 (ҚР СТ ИСО 50001) – Энергетикалық менеджмент жүйесі; 
  • OHSAS 18001 (ҚР СТ OHSAS 18001) – Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі 

халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 

2015 жылдың қазан айында сәйкестікті растау органы – «EUROASIA MS» ЖШС ИСМ-ға сәйкестігін растау мақсатында Кәсіпорынға сертификациялық аудит жүргізді, сондай-ақ Еуропалық сапа ұйымының сертификаттау сұлбалары бойынша менеджмент жүйелері саласында персоналдың біліктілігіне тәуелсіз сертифкаттау жүргізілді. 

Сертификациялық аудит нәтижелері бойынша «Қазаэронавигация» РМК біріктірілген менеджмент жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001/ҚР СТ ISO 50001/ ҚР СТ 18001 QHSAS талаптарына сәйкестігі расталды және тиісті сертификаттар берілді.