ruenkz

Басшы блогы

Бектұров А. Ғ.

Бектұров А. Ғ.

Сәлеметсіздер ме, құрметті пайдаланушылар!

Қазақстанның аэронавигациялық жүйесі қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бет-бейнесі, жаңа технологиялар саласындағы оның жетістіктерінің символы болып табылады.

Бүгінде мемлекеттің гүлденуі, оның күш-қуаты мен абыройы көп жағдайда жаңа технологияларды енгізумен және әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты. Біздің кәсіпорын осы екі аса маңызды міндетті ниеті бір сенімді команданың, жұмысқа деген қабілеті зор ұйымшыл ұжымның арқасында табысты шешіп келеді. 

Алайда біз осымен тоқтап қалмаймыз.

Біз он жылдық кезеңге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілейтін Кәсіпорынның 2025 жылға дейінгі даму жоспарын қабылдадық. Алдымызда Кәсіпорын қызметін жетілдіру, аэронавигациялық қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр.  Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін, ең алдымен, республиканың әуе кеңістігін пайдаланушылар – шетелдік және отандық авиакомпаниялар сезінеді. Ал 2025 жылға қарай біздің кәсіпорын Еуразиялық өңірдегі ең тиімді аэронавигациялық қызмет көрсететін провайдерге айналуға тиісті.