ruenkz

Басшылық

Азат Ғаббасұлы Бектұров

Бас директор

Азат Ғаббасұлы Бектұров Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (Алматы, Қазақстан) «Банк ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.  Golden Gate University университетінде (Калифорния, АҚШ) «Маркетинг» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. БерклидегіКалифорния университетінің(Калифорния, АҚШ) «Іскерлік басқару» магистрі дәрежесіне ие болды. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің «Экономика, басқару теориясы» мамандығы бойынша PHD докторы дәрежесі бар. «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша Lee Kuan Yew School of Public Policy (Сингапур) біліктілікті көтеру курсынан өткен.

 

Жұмыс тәжірибесі:

2014 жылдың тамыз айынан бастап – «Қазаэронавигация» РМК бас директоры.

2006 - 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі қызметін атқарды.

2004 - 2006 жылдары - «Air Astana» АҚ вице-президенті.

2002 - 2004 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бас менеджері, басқарма бастығының орынбасары, корпоративтік даму және индикативтік жоспарлау департаментінің директоры.

Басқа да лауазымдары мен қоғамдық қызметі:

2015 жылдан бастап - Қазақстан Велоспорт федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі.

2014 - 2016 жылдары – Қазақстан Футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі.

2009 жылдан бастап - «Қазақстанның көліктік лизингтік компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2008 - 2010 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2007 - 2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Табиғи  монополияларды реттеу агенттігінің басқарма мүшесі.

2006 - 2014 жылдары - «Air Astana» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2006 - 2010 жылдары– Қазақстан Велоспорт федерациясы вице - президенті.

2006 - 2009 жылдары - «Қазавтокөлік» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2006 - 2007 жылдары – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап – Авиация және әуе кеңістігін пайдалану бойынша Мемлекетаралық өкілетті өкілдері кеңесінің вице - президенті.

2014 жылдың тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі авиация мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі.

Партияға қатыстылығы: 2012 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Еуразиялық экономикалық одағын құруға үлесінқосқаны үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Құрметті авиатор» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Премьер – министрінің  алғыс хаттарымен марапатталған.

ТолығырақЖасыру

Фаат Фаритұлы Богдашкин

Бас директордың бірінші орынбасары

2014 жылғы 16 қазаннан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істейді.

1999 - 2014 жылдары - ӘҚБ АЖ орталығының бастығы, ӘҚҚ басқармасының бастығы, ӘҚҰ жөніндегі дирекциясының директоры, әуе қозғалысын жоспарлау бөлімінің бастығы, «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары.

1995 - 1998 жылдары - «Қазаэронавигация» РМК Алматы филиалының директоры болды.

1980 - 1995 жылдары - диспетчер, аға диспетчер, әуежай бастығының қозғалыс жөніндегі орынбасары, ұшу басшысы - Алматы ААҚ қызмет бастығы лауазымдарын атқарды.

РФ Чита облысының Давенда кентінде дүниеге келген. Азаматтық авиация академиясын (Ленинград қаласы) қозғалысты басқару жөніндегі инженер мамандығы бойынша бітірген.   

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталған.

ТолығырақЖасыру

Марат Манапұлы Дәуітәлиев

Бас директордың орынбасары

2014 жылғы мамыр айынан бастап «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары қызметін атқарады.

2007 - 2014 жылдар аралығында «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры, бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.

2004 - 2007 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.

2003 жылдан 2004 жылға дейін «Қазақавтожол» РМК бас директорының орынбасары.

1999 - 2003 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің департамент директоры орынбасары.

1998 - 1999 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» РМК «ТЭК» ЕГК бөлім бастығы, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1995 - 1998 жылдары ЖШС коммерциялық дирекциясының директоры, директоры лауазымдарын атқарды.

1989 - 1992 жылдар аралығында – Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.

1985 - 1989 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» кафедрасының оқытушысы болды.

Алматы халық шаруашылығы институтын «Еңбек экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

ТолығырақЖасыру

Қарлығаш Ғазизқызы Кәкен

Аппарат басшысы

2014 жылғы тамыздан бастап – «Қазаэронавигация» РМК аппарат басшысы.

2013 - 2014 жылғы тамыз айына дейін – Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жауапты хатшысы. 

2012 - 2013 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының басқарушы директоры, басқарма мүшесі. 

2008 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс атқарды. 

1999 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде департамент директоры, Министрлік Аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. 

1999 - 2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде департамент директоры, Министрлік Аппаратының басшысы лауазымдарын атқарды. 

1992 жылдан бастап мемлекеттік қызметте түрлі басшы лауазымдарды атқарды: Ақмола облыстық жастар істері комитетінің төрағасы, Ақмола облыстық жастар, туризм және спорт ісі басқармасының бастығы, Ақмола облыстық ұлттық саясат комитетінің төрағасы,  Ақмола облыстық Туризм және спорт комитетінің төрағасы. 

Білімі жоғары, Целиноград педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық ғылымдардың кандидаты.

Ұлыбритания (International Political Economy,The London School of Economics and Political Science, (LSE) / ‘Business Protocol, Networking Skills and Etiquette for the Modern Day’, Academic Union Training Center Oxford; Жапония (Land Transportation) унивеситеттерінде, Қытайда –  ZTE университетінде, Шенжень; АҚШ-та – Women in Government, Туксон, Аризона; Мысырда – Air Traffic Control, Civil Aviation, вo Франции (ENA), Нидерланд елінде (HECROL International), Германияда - Hochschule Heilbronn University білім алған және  Leadership and Corporate Governance, KIMEP  University, Executive Education Center орталығында корпоративтік басқару жөніндегі басшыларға арналған курсты тәмамдаған.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Ресей Федерациясының «За вклад в космонавтику» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

ТолығырақЖасыру

Руслан Қапызұлы Мағзұмов

Басқарушы директор

2014 жылғы 03 қазаннан бастап – «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры.

2012 - 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті төрағасының орынбасары болды.

2008 - 2012 жылдары «Қазақстандық көлік лизингтік компаниясы» АҚ вице-президенті, ҚР Статистика агенттігінде қаржы және құжаттамалық  қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Қаржы департаментінің директоры, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2003 - 2008 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қаржы департаментінің директоры лауазымдарын атқарды. 

1998 - 2003 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті басқармасының экономисі, жетекші экономисі, бас экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1996 - 1998 жылдар аралығында «Қарағандыавтожол» қазыналық кәсіпорны жол қорын жинау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ тұтынушылар корпорациясы институтын «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 110 жыл» естелік белгісі, «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен, «Қазаэронавинация РМК 20 жыл» омырау белгісімен марапатталды.

ТолығырақЖасыру

Рүстем Қойбағарұлы Хасенов

Басқарушы директоры

2019 жылғы ақпаннан бастап – «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры

2008-2019 – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Құқықтық қамтамасыз ету және соттық-талаптық жұмыс жөніндегі департаменттің директоры, Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры

2006-2008 – Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі

2003-2006 – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, заң департаменті директорының орынбасары

Білімі:

  • Қарағанды мемлекеттік университеті (1984)

Заңгер

• Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (2014)

«MBA Халықаралық бизнес» мамандығы, «Іскерлік әкімшілік магистрі» біліктілігі

  • Еуропалық университет (2014)

«МВА» мамандығы, «Іскерлік әкімшілік магистрі» біліктілігі

• Britannica Business Solutions (BBC), Сингапур (2011)

Корпоративтік басқару және құқық

  • Transeuropean Centre Limited, London, UK (2012)

Халықаралық келісім құқығы. Халықаралық төрелік. Шарттардың заңдық сараптамасы-британдық тәжірибе

Марапаттар:

• «Құрмет» ордені (2014);

• Мерейтойлық медальдар: «Конституцияға 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015)

ТолығырақЖасыру