ruenkz

Тарих

2017 жыл

Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің CANSO аудиті ойдағыдай өтті.

Авиация қауіпсіздігі жөніндегі ИКАО ойдағыдай өтті.

Дүниежүзілік геодезиялық координаталар жүйесі (WGS-84) енгізілді.

Кәсіпорынның аэронавигациялық ақпаратының электрондық жинағы (eAIP) әзірленіп және сайтқа орналастырылды. 

Астана қаласында қазанның 9-11 қазан аралығындағы кезеңде алғашқы рет Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымымен (ИКАО)  бірлесіп ИКАО авиациялық мамандарды даярлау және TRAINAIR PLUS өңірлік симпозиумы өткізілді.

2016 жыл

«Қазаэронавигация» РМК  ИКАО TRAINAIR PLUS бағдарламасының тең құқылы мүшесі ретінде қабылданды.

2015 жыл

2025 жылға дейінгі Кәсіпорынның жаңа даму бағдарламасы қабылданды.

                      Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылды.

Біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілді.  

2014 жыл

Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі енгізілді.

Іздестіру және құтқару жүйесі құрылды. 

Кәсіби дайындау орталығы құрылды.

Қазақстан Республикасының аэронавигациялық деректері Аэронавигациялық ақпарат қызметінің еуропалық деректер базасына (EAD) жүктелді. «Қазаэронавигация» РМК «деректер провайдері» ретінде EAD мүшесі болады.

«Қазаэронавигация» РМК авиациялық диспетчерлердің халықаралық қауымдастығының (ИФАТКА) (International federation of Air Traffic Controllers Associations, IFATCA) құрамына кірді.

Халақаралық азаматтық авиация қауымдастығымен (ИАТА) (International Air Transport Association, IATA) серіктестік туралы меморандумға қол қойылды

2013 жыл

Медициналық орталық құрылды.

2012 жыл

ӘҚҰ ұлттық жүйесін құру аяқталды. Әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының саны 18-ден 14-ке дейін оңтайландырылды.

2010 – 2012 жылдар

Бұл сатыда Алматы қаласында 30 жұмыс орнымен және 6 алыс жердегі мұнарамен ӘҚБ АЖ орталықтары құрылды. Орталықтың жауапкершілік аймағы 50 мың шаршы метрді құрайды. Жауапкершілік аймағы 1 млн. 50 мың шаршы метр2 құрайды.

Барлығы 12 алыс жердегі біріктірілген «Мұнара» диспетчерлік пункті орнатылды және функционалдық мүмкіндіктердің төмендегі енгізілетін заманға сай технологияларына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін барлық орталықтардың бағдарламалық жасақтамаларына жаңарту жүргізілді:

  • RVSM қолдана отырып жаңа тік эшелондау жүйесіне ауысу,
  • ADS-B станциясынан ақпаратты өңдеу,
  • 2012 флайт-планының жаңа форматын енгізу.

2010 жыл

Ақпараттың барлық түрін беруге арналған цифрлық телекоммуникациялық байланыс желісін құру аяқталды. Желіні басқару орталығы Алматы қаласында орналасқан. Желінің екі тәуелсіз сегменті бар: жердегі және спутниктік. 

2007 – 2009 жылдар 

Ақтөбе қаласында ӘҚБ АЖ орталығы құрылды. ТМД-да алғаш рет «Мұнара» біріктірілген диспетчерлік пункттерінің технологиясы қолданылды. Олар Ақтөбе ӘҚБ АЖ орталығынан 500-ден 1500 шаршы метрге дейінгі қашықтықта Орал, Атырау және Ақтау әуеайлақтарында орналасқан және оның бір бөлігі болып табылады. Осы ретте әуе кемесенің қозғалысын кез келген сатыда бір орталықтан басқарудың техникалық мүмкіндігі іске асырылды. Ақтөбе қ. ӘҚБ АЖ орталығының жауапкершілік аймағы 879 914 шаршы метр2, ол 5 секторға бөлінген, 12 біріктірілген радиолокаторына ие 4 әуеайлағы бар. Орталық арқылы жалпы ұзындығы 19 300 шаршы метр және көрші мемлекеттермен іргелес 22 әуе дәлізі бар 29 әуе трассасы өтеді.

2005 – 2007 жылдар

Астана қаласында ӘҚБ АЖ оратлығы құрылды. Әуе қозғалысын басқарудың базалық автоматты жүйесі ретінде талап етілетін функционалдық және техникалық талаптарға толық сәйкес келетін «SkyLine» ӘҚБ АЖ таңдалды. Орталыққа 1 млн. 230 мың. Шаршы метр2 немесе Қазақстанның 45 % аумағын қамтитын жауапкершілік аймағы тиесілі. Аудан бес секторға бөлінген, орталыққа біріктірілген 13 радиолокаторымен 9 әуеайлағы бар. ӘҚБ АЖ орталығы жалпы ұзындығы 32 284 шаршы метр әуе трассаларын және көршілес мемлекеттермен шекарада 15 дәлізді бақылайды.  

2002 – 2005 жылдар

«Ауа – Жер» ӨЖЖ ауқымындағы барлық радиоқұралдар толығымен ауыстырылды. 28 орында 350 аса трансивер орнатылды. Қайта орнату барысында бұл байланыс желісі түбегейлі жаңартылып, бұл оның сенімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттырды. 

2002 жыл

«Қазаэронавигация» РМК Азаматтық аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымының (КАНСО) (Civil Air Navigation Services Organisation, CANSO) құрамына кірді.

2001 жыл

Қазақстан Республикасының ұлттық аэронавигациялық ақпарат (AIP) жинағы қағаз түрінде шығарылды.  

2000 жыл

Ішкі және халықаралық әуеайлақтар бойынша өз бетінше НОТАМ хабарламалары шығарыла бастады, цифрлық магистральдық желілердің алғашқы сегментін орнату жүзеге асырылды.

1999 жыл

Әуе қозғалысына қызмет көрсету аудандарының саны 18-ден 14-ке дейін оңтайландырылды.

1998 жыл

Әуе қозғалысын жоспарлау бас ортылығы құрылды. Екі жақты радиолокациялық жүйелерді және авиациялық тіркелген электрбайланыс желесін жаңарту басталды.

ҚХР-мен әуе дәлізі ашылды, ол бойынша Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты бойынша ҚР әуе кеңстігі арқылы әуе кемелерінің негізгі ағыны ұшырылды. 

1996 жыл

Ұлттық ӘҚҰ жүйесінің базалық платформасын кезең-кезеңімен құру процесі басталды.

1995 ж. 22 маусым

«Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлік авиакомпаниясының құрамынан бөліну арқылы жеке тәуелсіз «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

Аэронавигациялық қызмет Қазақ біріккен жасағы, радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметі мен аэронавигациялық ақпарат қызметі сияқты үш  бөлімшенің қосылуы нәтижесінде құрылды.

1994 жыл 10 мамыр 

«Қазақстан әуе жолы» ұлттық акционерлік авиакомпаниясында Аэронавигациялық дирекция құрылды