ruenkz

Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі мемлекетаралық кеңес сессиясы

Құрылды 29.03.2018 10:04

2018 жылғы 15 наурызда Баку қаласында Авиация  және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 36-шы сессиясы өтті.

Кеңес сессиясы барысында төмендегідей ауқымды мәселелер қарастырылып, талқыланды:

ИКАО-МАК жобасын іске асыру;

Өңірдің азаматтық авиациясындағы ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі;

Авиация қағидаларының жүйесін жетілдіру және оларды әрі қарай ИКАО стандарттарымен және ИАТА ұсынымдарымен үйлестіру;

Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің әуе қозғалысын ұйымдастыруды және аэронавигациялық қамтамасыз етуді жетілдіру саласындағы бастамалары;

авиакөлік қызметін ырықтандыру, Келісімге қатысушы мемлекеттер халқының авиациялық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және ИКАО, ИАТА-мен бірлесе отырып, авиация мамандарын даярлаудың халықаралық бағдарламасын іске асыру;

ғылыми-зерттеу және сараптамалық қызметті дамыту, МАК қаржылық аудиті, Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің қызметін әрі қарай жетілдіру және т.б.

Сонымен қатар, Мемлекетаралық кеңестің/Мемлекетаралық авиациялық комитеттің ИКАО Ассамблеясының 39-шы сессиясының соңғы шешімдерін, ИКАО-МАК 2016 жылғы мерзімсіз келісімін және ИАТА-мен келісімді іске асыру жөніндегі бастамалары талқыланды.

Мемлекетаралық кеңес сессиясының жұмысына «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары М.М.Дәуітәлиев қатысты.

 

201