ruenkz

Құрылды 19.04.2018 09:15

«Өнімді және көрсетілетін қызметті жақсарту үшін радиожиіліктік сәйкестендіруді  (RFID) ұтымды пайдалану» номинациясы бойынша «Қазаэронавигация» РМК марапаттау

            Сәуірдің 10-12 аралығындағы кезеңде «Қазаэронавигация» РМК өкілі АҚШ, Флорида штатының Орландо қаласында өткізілген жыл сайынғы “RFID Journal LIVE!” 16-конференциясына спикер ретінде қатысты.

            “RFID Journal LIVE!” әлемнің 26 елінен 200 аса компания қатысатын ауқымды көрме мен әлемдік деңгейдегі конференцияны біріктіретін,  RFID (Radio Frequency Identification) технологиясын пайдалану саласындағы басты халықаралық іс-шара болып табылады.

            Аэронавигациялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезінде радиожиіліктік сәйкестендіруді пайдалану жөніндегі «Қазаэронавигация» РМК жобасының тұсаукесеріне RFID саласындағы сарапшылар жоғары баға берді және  «Өнімді және көрсетілетін қызметті жақсарту үшін радиожиіліктік сәйкестендіруді  (RFID) ұтымды пайдалану» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

135