ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында ел ордамыз - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Бәйтерек-Астана символы, Мұнара-әуежай жүрегі» сайысы өтті

Құрылды 05.07.2018 16:38

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті және патриоттық сезімді нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының ел ордасы - Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Бәйтерек-Астана символы, Мұнара-әуежай жүрегі» тақырыбында макеттер мен суреттер сайысы өтті, сайыста филиал қызметкерлерінің өз қолдарымен жасалған көркемөнер шығармалары көрнекі түрде көрсетіліп, таныстырылды. Сонымен қатар аталған конкурс аясында филиалдың қызмет пен бөлімдері арасында үстел теннисі мен кіші футболдан спорттық жарыстар өткізілді.

2018 жылдың 5 шілдесі күні «Бәйтерек-Астана символы, Мұнара-әуежай жүрегі» сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Макеттер мен суреттерді жасауда айрықша идеямен ерекшеленген қызметкерлерге дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Аталған конкурстың бас жеңімпазы болып РТЖБП қызметі ҰРТҚ кешенінің 1-санатты инженері Мұрат Нұрсұлтанов танылды. Ол «Бәйтерек» монументінің макеті және жаңа «Мұнара» диспетчерлік мұнарасымен техникалық ғимараты суретін ұсынды. Өзінің суретінде филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерінің құралдары мен жабдықтарын қамти білді.

Осы конкурс жаңа тиімді идеяларға рух пен шабыт және филиалдың өзіне сенімі зор қызметкерлеріне тамаша ынта бере білді.

162