ruenkz

ИКАО "CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" әлеуетін дамыту бойынша жаңа бастама жариялады

Құрылды 06.08.2018 09:57

Монреаль, 2018 жылғы 5 шілде. ИКАО Кеңесі "CORSIA" халықаралық авиация үшін көміртек шығарындыларын өтеу жүйесін қолдайтын Халықаралық стандарттар мен Ұсынымды практика (SARPS) қабылдағаннан кейін бірнеше күн өткен соң ИКАО осы аптаның басында ИКАО-ның Монреалдағы Штаб-пәтерінде өткен CORSIA жөніндегі семинарда "CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" әлеуетін дамыту бойынша жаңа бастама жариялады.

ИКАО Кеңесінің Президенті д-р Олумуива Бенард Алиу семинардың ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «SARPS CORSIA-ның шұғыл түрде дайындалу фактісін  мемлекеттердің CORSIA-ны климаттың өзгеруінен болатын салдарды жеңілдетудің басты басымдықты міндеті ретінде қабылдағанының дәлелі екенін. CORSIA ұлттық үкіметтер ғана емес, салада да, басқа мүдделі тараптар арасында да кеңінен қолдау тапқанын" атап айтты.

 ИКАО Бас хатшысы д-р Фан Лю өзінің қорытынды сөзінде: "CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" бастамасының мақсатына ИКАО Хатшылығының ғана күшімен қол жеткізу мүмкін емес екенін ескеру және осы орайда мемлекет пен сала CORSIA мақсаты мен міндетін толық орындау үшін бірігіп жұмыс істеуі қажеттігін атап көрсетіп, ИКАО өзіне мүше-мемлекеттерге CORSIA аясында көмек көрсету міндеттемелерін қабылдағаны үшін үлкен алғыс білдіретінін және алдағы апталар мен айларда осындай тың ұсыныстар болатынына сенетінін" айтты.

"CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" әлеуетін дамыту бойынша осы жаңа бастамаға байланысты ИКАО Авикөлік басқармасының директоры Бубакар Джибо мырза: «ИКАО-ға мүше-мемлекеттердің тығыз уақыт ішінде іске асырылуға тиіс бастаманы енгізе алуы үшін әлеуетті дамыту мен серіктестікті жандандыру жолында қосымша күш салу қажеттігін" атап көрсетті.

Ол "CORSIA ЕНГІЗЕМІЗ!" бастамасының елдерге ұлттық авиациялық сарапшыларды CORSIA бастамасының мониторинг жүргізу, есеп беру және тексеру (MRV) ережелерімен, оны іске асыру тетіктерімен таныстыру үшін даярлықты бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ өздерінің ұлттық нормативтік ережелеріне қажетті өзгерістер енгізу кезінде көмек болатынын айтты.

Семинарда орын алған теориялық пікірталас шеңберінде мемлекеттердің өкілдері CORSIA енгізу мерзімін сақтау маңыздылығын тағы да атап айтып, басқа елдермен бірігіп жұмыс істеуге, тиісті даярлық іс-шараларын өткізу барысында оларға қолдау көрсетуге әзірліктерін білдірді.

44