ruenkz

Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ!

Құрылды 27.08.2018 15:29

Жылдамырақ, биігірек, мықтырақ!

         24 тамызда Костанай әуежайының аумағында Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеуге орай спартакиада ұйымдастырылды.

Бұл жарыс 16 жыл бойы жылына бір рет өткізіліп келеді. Спартакиадаға әр түрлі ұйымдардың, әуежай аумағында жұмыс істейтін субъектілерден төрт команда қатысты. Іс-шараның бағдарламасында арқан тарту, үстел үсті теннисі, мини футбол, волейбол және кір спорты сияқты спорт түрлері бойынша сайыстар болды.

Жарыстың қорытындысы бойынша «Қазаэронавигация» РМК командасы мини футбол мен волейболдан бірінші орынды иеленді. Бұл Алматы қаласында 2018 жылғы 30 тамыз бен 02 қыркүйек аралығында өткізілетін «Қазаэронавигация» РМК футбол бойынша біріншілікке қатысу алдындағы өзіндік бір жаттығу болды.

Осы спорттық-бұқаралық шара, бірінші кезекте, салауатты өмір салтын физикалық тұрғыдан жетілдіруге және насихаттауға бағытталған, өйткені еңбек ұжымдарының жаппай спортпен шұғылдануы – белсенді азаматтық ұстанымды ұстануға талпынудың бір көрінісі.

94