ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында полярланудың доплерлік метеорологиялық радиолокаторына (ДМРЛ) диагностика жүргізді

Құрылды 13.09.2018 17:14

«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалында қыркүйек айының басында «VK Project» ЖШС мамандары екі жақты полярланудың доплерлік метеорологиялық радиолокаторына (ДМРЛ) диагностика жүргізді, бұл метеоролог-болжамдаушыларға синоптикалық ауқымдағы үрдістердің (атмосфералық шептер, дауыл бағыттары, жауын-шашын аймақтары) дамуын шұғыл қадағалауға, сондай-ақ будақ-жаңбырлы бұлттылыққа және жауын-шашын аймақтарына  байланысты авиациялық болжамдар мен ауа райының қауіпті құбылыстары туралы ескертулер дайындау барысында радиолокациялық ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді. Барлық маршрут бойынша синоптикалық үрдістің даму беталысын көру үшін шұғыл түрдегі радиолокациялық ақпаратпен ұшу алдындағы метеорологиялық консультациядан өту кезінде ұшар алдында әуе кемелерінің экипаждары қамтамасыз етіледі. Бұл ұшу қауіпсіздігін арттыруға және ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкес болуға мүмкіндік береді.

81