ruenkz

Еуробақылау институтында «Stress and Fatigue management [HUM-SFM] (Стресті және шаршағандықты басқару)» біліктілікті арттыру курсы

Құрылды 17.10.2018 10:31

Еуробақылау институтында «Stress and Fatigue management [HUM-SFM]

(Стресті және шаршағандықты басқару)» біліктілікті арттыру курсы

 

         2018 жылғы 2-4 қазан аралығында ұшу қауіпсіздігін басқару және сапа жөніндегі департаменттің екі маманы Еуробақылау Аэронавигация институтында «Stress and Fatigue management [HUM-SFM] (Стресті және шаршағандықты басқару)» бағдарламасы бойынша курста оқыды. Бұл 2020 жылғы 5 қарашадан бастап әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің шаршағандығын басқару процестеріне қатысты Халықаралық стандарттарға және «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» ұсынымды тәжірибесіне (ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 11-қосымша)  50-В түзетуінің енгізілуіне негізделеді.

         Бұл курс EASA мен ICAO-ның стресті және шаршағандықты басқарумен байланысты ұшу қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік талаптарға негізделеді.

         Осы курстың негізгі мақсаты қатысушыларды әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде диспетчерлік құрамның стреске ұшырауына және шаршауына әкеп соқтыратын басты факторлармен таныстыру, сондай-ақ болуы мүмкін салдарлардың тәуекелдерін бағалау және осы тәуекелдерді төмендету бойынша стратегияны пысықтау болып табылады.

         Курс тыңдаушылары университеттердің ғылыми зерттеулерімен және осы саладағы сарапшылардың практикалық мысалдарымен таныстырылып, бұл диспетчерлік қызмет көрсету кезіндегі шаршау мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді қатар алып жүру мүмкіндігін берді.

         Курс аяқталғаннан кейін біздің мамандар аяқтау тестін тапсырып, сертификат алды. 

89