ruenkz

CANSO және ENAIRE ынтымақтастық мәселелері мен Еуропа авиациясының алға қойған міндеттерін талқылады

Құрылды 14.11.2018 15:00

CANSO және ENAIRE ынтымақтастық мәселелері мен

Еуропа авиациясының алға қойған міндеттерін талқылады

 

Азаматтық авиацияға аэронавигациялық қызмет көрсету ұйымы - CANSO және ENAIRE Еуропа авиациясының алға қойған міндеттерін талқылау және CANSO-ENAIRE ынтымақтастығын нығайту үшін екі жақты стратегиялық кеңес өткізді.

CANSO дегеніміз әуе қозғалысын басқарудың жаһандық жүйесі. Ол аэронавигациялық қызмет көрсету провайдерлерінің (АНҚ провайдерлері) мүдделерін қорғайды. Испанияның АНҚ провайдері – ENAIRE 1998 жылдан бері құрылтайшы мүше болып табылады.

CANSO-ның Еуропа мәселелері жөніндегі директоры  Таня Гроботек ханым және CANSO бас директорының орынбасары Саймон Хоккард мырза ENAIRE бас директоры Анхел Луис Ариас мырза және оның командасымен Испаниядағы авиация секторының ерекшеліктерін жіті түсіну үшін Еуропа авиациясының ағымдағы міндеттерін талқылады.

Іс-шара екі тарап үшін де өте табысты болды. ENAIRE CANSO-мен «Біртұтас Еуропа аспаны», Еуропада әуе қозғалысын басқару болашағы, әуе қозғалысын басқарудың қысқа мерзімге белгіленген негізгі міндеттері сияқты басты тақырыптар жөнінде өз пікірімен бөлісті. CANSO және ENAIRE Еуропа авиациясының міндеттерін талқылап, ынтымақтастықтарын нығайту және барлық мүдделі тарап шынайы Біртұтас Еуропа аспанын құру жолында бірігіп жұмыс істеп, жолаушылар жоғары сапалы қызмет алатынына кепілдік беру қажеттігі туралы уағдаласты.

CANSO ENAIRE-мен екі жақты кездесуден кейін әуе қозғалысын басқару жүйесіндегі міндеттерді шешу үшін платформа жасап, бірлескен жұмыстар арқылы әуе қозғалысын басқару өнімділігін арттыру мақсатында АНҚ провайдерлері үшін ортақ орта құру үшін өз қызметін жаһандық деңгейде және CAA мен NSA (AESA), Испанияның әуе қорғанысы күштері, AENA (Испанияның әуежайлары), авиакомпаниялар қауымдастығы және Испанияның әуе қозғалысын басқару салалары сияқты Испаниядағы серіктестер үшін Еуропада ұсынуға мүмкіндік алды.

39