ruenkz

TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасы аясында Кәсіби дайындық орталығының маманын даярлау

Құрылды 30.11.2018 10:06

TRAINAIR PLUS ICAO бағдарламасы аясында Кәсіби дайындық орталығының маманын даярлау.

Кәсіби дайындық орталығы 2015 жылдан бастап ИКАО TRAINAIR PLUS халықаралық бағдарламасының мүшесі болып табылады.

2018 жылы КДО ИКАО қайта бағалауынан өтті. Аудитті ИКАО Ғаламдық авиациялық даярлық офисінің оқытуды жобалау және дамыту бөлімінің менеджері Мисс Энни (Чже) Хуанг жүргізді. ИКАО әрбір үш жыл сайын өткізетін қайта бағалау TRAINAIR PLUS бағдарламасының барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады. Бұл ИКАО-ға TRAINAIR PLUS бағдарламасы бойынша оқу ұйымдарының сапасы мен қызметін бақылауға мүмкіндік береді.

TRAINAIR PLUS бағдарламасы шеңберінде КДО-да талаптардың бірі TRAINAIR PLUS ИКАО мен азаматтық авиацияны оқыту орталығы арасында ақпарат алмасуға жауапты сертификатталған менеджердің болуы талап етіледі. 2017 жылғы 8 желтоқсанда "Қазаэронавигация" РМК атынан осындай үйлестіруші болып Гүлсана Қантаева тағайындалды.

ICAO TRAINAIRPLUS бағдарламасында одан әрі ілгерілеу және ИКАО өңірлік орталығы мәртебесін алу мақсатында КДО үйлестірушісі "Training Managers Course" курсын сәтті аяқтады. Осы оқыту КДО сертификатталған үйлестірушісіне TRAINAIR PLUS тең құқылы мүшесі КДО мәртебесін қолдау, стандартталған курстарды (STP) әзірлеудің барлық элементтері мен кезеңдерін келісу, сондай-ақ курстарды ілгерілету және іске асыру бойынша ICAO-мен бірлескен ынтымақтастық мәселелері бойынша ИКАО Ғаламдық авиациялық даярлық офисімен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ICAO TRAINAIRPLUS бағдарламасы бойынша одан әрі алға жылжу "Қазаэронавигация" РМК КДО-ға авиация персоналын даярлаудың жоғары стандарттарын қолдауға, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және авиация персоналын даярлау жөніндегі танымал өңірлік орталық болуға мүмкіндік береді.

21