ruenkz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

Құрылды 20.12.2018 17:01

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

«Қазаэронавигация» РМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиын өтті.

Өз баяндамасында «Қазаэронавигация» РМК бас директоры А. Бектұров Тәуелсіздік күнінің қазіргі Қазақстанның басты мемлекеттік мерекесі ретіндегі маңыздылығын, жаңа егемен және тәуелсіз ел - Қазақстан Республикасының құрылуымен есте болатынын атап өтті.  

Мемлекет басшысының дана және стратегиялық тұрғыдан сенімді саясатының арқасында қысқа мерзімде экономикасы дамыған, тұрақты саяси жүйесі мен бірыңғай қоғамы бар жаңа мемлекет құрылды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы ел жетістіктерінің тізбегіне Қазақстанда әуе қозғалысын ұйымдастырудың инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы жүйесін құруды да жатқызуға болады. Ол жүйе әуе қозғалысына халықаралық стандарттарға сәйкес қауіпсіз аэронавигациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бас директор басты мемлекеттік мереке қарсаңында республикаға аэронавигациялық қызмет көрсетуді дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорын қызметкерлерін мерейтойлық медальдармен, ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапаттады.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Тәуелсіздік күні – ерекше мереке, ол – әр азаматтың жүрегінде. Отанымыз Қазақстан өркендеп, гүлдей берсін!

47