ruenkz

Аэронавигациялық ақпаратпен алмасу үлгісі

Құрылды 30.01.2019 13:37

2018 жылдың қараша айынан бастап қолданылатын ИКАО қағидалары SWIM (System Wide Information Management) қағидаттары негізінде AIM (Aeronautical Information Management) ортада (инфрақұрылым) бұрыннан талап етілген (күтілген) кең ауқымды қызмет етуге көшуді қолдау үшін әзірленген.

Осылайша AIM/SWIM көшу жаңа жүйені құру арқылы мүмкін болады, жаңа жүйенің қызметі ғаламдық және жалпы еуропалық қағидаттар бойынша аэронавигациялық ақпаратпен (AIXM) алмасу үлгілерінің құралдары бойынша цифрлық аэронавигациялық деректермен және ақпаратпен алмасуға мүмкіндік береді.

2018 жылғы желтоқсанның 4 мен 14 аралығындағы кезеңде орталық офистің мәжіліс залында ААБ жөніндегі департаменттен 6 адам GroupEAD Europe S.L.-ден AIXM Basic/Advanced (Aeronautical information exchange model – Аэронавигациялық ақпаратпен алмасу үлгісі) бойынша ойдағыдай білім алып, сертификаттар алды.

39