ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында 2019 жылғы 1 ақпанда С-диапазонды доплерлік метеорологиялық радиолокатор (ДМРЛ-СА) пайдалануға беріледі.

Құрылды 01.02.2019 14:49

«Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалында 2019 жылғы 1 ақпанда С-диапазонды доплерлік метеорологиялық радиолокатор (ДМРЛ-СА) пайдалануға беріледі.

ДМРЛ-С ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысына жедел қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қажетті метеорологиялық ақпаратты ұсынады. ДМРЛ әртүрлі биіктіктерде әртүрлі метеорологиялық деректерді көрсетуге, метеообъектілерді анықтаудың жоғарғы шегінің биіктігіне дейін желдің жылдамдығы мен бағытын есептеуге және көрсетуге, желдің тік және көлденең жылжу карталарын, турбуленттілікті, кез келген уақыт аралығында жауын-шашын қарқындылығын есептеу және көрсетуге, ауа райының қауіпті құбылыстарын (бұршақ, найзағай, желдің екпінді күшеюі, қарқынды жаңбыр мен қар, қатты турбуленттілік) анықтауға, бұлтты жүйелердің жылжу жылдамдығы мен бағытын көрсетуге, қажетті кодограммаларда радиолокациялық ақпаратты беруге арналған. Бұл локатор ауа райының күрделі құбылыстарын ескере отырып,  радиотолқын өткізгіш жабынмен жабдықталған. Локатор 1952 жылдан бері радиолокациялық станциялар шығарумен айналысатын ресейлік "Алмаз" ғылыми-өндірістік бірлестігінде жасалған.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар метеорологиялық радиолокатор Петропавл қаласы мен тұтастай облыстың коммуналдық қызметтерінің жұмысын жеңілдетеді. Келіп түскен ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша метеорологиялық хабарламалар жасау кезінде де пайдаланылатын болады.

17