ruenkz

Қазақстан АҚШ-пен тікелей авиахабарламаны ашу туралы келіссөздер жүргізуде

Құрылды 01.02.2019 17:29

Қазақстан АҚШ-пен тікелей авиахабарламаны ашу туралы келіссөздер жүргізуде

Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы «ашық аспан» қағидаты бойынша әуе қатынасы туралы келісімге қол қою жұмыстарын аяқтауда, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

ААК-нің пресс-қызметінде атап айтқандай, 21 қыркүйекте Вашингтон қаласында (АҚШ) Қазақстан мен АҚШ-тың авиация билігі арасында екі жақты келіссөздер болып өтті.

Қазіргі уақытта американдық тараппен жақын арада қол қою жоспарланып отырған Әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімнің мәтінін келісу рәсімі аяқталуда.

Аталған Келісімге қол қою Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей ұшуларды ашу үшін құқықтық база құрады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық авиакомпанияларына Жапония мен АҚШ-қа ұшуларды ұйымдастыруды тапсырды.

40