ruenkz

Венгрия қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді қолдайды

Құрылды 22.02.2019 08:42

«Венгрия қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді қолдайды»

Биылғы жылы қазақстандықтарға берілген венгриялық Шенген визаларының саны үш есеге артып, бес мыңға жетті.

«Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе қатынасы іске қосылғаннан кейін Қазақстан мен Венгрия азаматтарының екі ел арасында қатынауы айтарлықтай жанданды» деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы елдің Астанадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андраш Барани.

Оның ақпаратына қарағанда, венгриялық Wizz Air әуе компаниясы жұмыс істеген бір жылдан астам уақыт ішінде оның қызметін екі елден 40 мыңнан астам адам пайдаланған. «Мен Астана көшелерінде венгр тілін жиі естимін, өйткені біздің азаматтарымыз сіздің үкімет қабылдаған әрекеттердің арқасында Қазақстанға визасыз 30 күн мерзімге бара алады. Ал қазақстандықтарға келетін болсақ, біздің консулдық бөлім берген визалар саны тек осы жылы ғана үш есеге өсті. Астанада екі мыңға жуық виза, Алматыда үш мыңнан астам виза берілді», – деп нақтылады Барани мырза.

Дегенмен, оның пікірінше, визалық тәртіптің күрделілігіне қарамастан, бүгінде екі халықтың өзара танылу үдерісі белсенді түрде жалғасуда. Демек, елші өзара туризм, бизнес-байланыстар мен екі ел арасындағы мәдени алмасулар жақын арада айтарлықтай жақсара түседі деп сенеді.

45