ruenkz

«Qazaq Air» авиакомпаниясы 8 халықаралық бағытта ұша бастайды

Құрылды 12.03.2019 08:14

«Qazaq Air» авиакомпаниясы халықаралық авиамаршруттарды орыдауға рұқсат алды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

«Азаматтық авиация комитеті Халықаралық авиатасымалдар желісін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Конкурстық комиссия «Qazaq Air» авиакомпаниясының өтініштерін қарау қорытындысы бойынша халықаралық авиамаршруттарға рұқсат және куәліктер беру туралы шешім қабылдады. «Qazaq Air» авиакомпаниясы халықаралық әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр»,- деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Рейстер санын арттыру және ұшу географиясын кеңейту елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар ағынын арттыруға және елдің туристік әлеуетін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Qazaq Air» авиакомпаниясы IOSA сертификатын алып, әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін растады.

6