ruenkz

Канадалық авиақұрылысшы Bombardie CRJ700 ұшағының 50 орындық үлгісін шығармақ

Құрылды 13.03.2019 08:21

Канадалық авиақұрылысшы Bombardier CRJ (Canadair Regional Jet) өңірлік ұшағының  50 орындық үлгісін шығаратыны туралы хабарлады. Жаңа әуе кемесі CRJ550 деп аталды, оның алғашқы пайдаланушысы – американдық United Airlines авиакомпаниясы. Bombardier хабарлағандай, CRJ550 ұшағы «CRJ700 базасындағы жаңа үлгі сертификатын» алады.

Сондай-ақ, Bombardier жаңа үлгідегі ұшақтың «50 орындықты алғашқы үш класты ұшақ» және «қол жүгін сақтау мен жолаушылар үшін жеткілікті орны» болатынын хабарлайды.

Bombardier ұшақта «сусындармен және тағамдармен өзіне-өзі қызмет көрсету станциясы» орналасқан борт ас үйі болмайтынын, сондай-ақ әуе кемесінің салонында қол жүгін сақтауға арнайы орын бөлініп, бұл отырғызу кезінде багажды тіркеу жұмысынан арылуға мүмкіндік беретінін айтты.

5