ruenkz

Еуробақылау аэронавигация институтында білім алу

Құрылды 14.03.2019 08:32

Ұшу қауіпсіздігін және сапаны басқару жөніндегі департаменттің мамандары «Contingency measures and crisis management [GEN-CTG]  бағдарламасы (Күтпеген жағдайлар кезіндегі іс-шаралар және төтенше жағдайларда басқарубойынша Еуробақылау аэронавигация институтында білім алды 

2019 жылғы 6-7 наурыз аралығында Кәсіпорынның ұшу қауіпсіздігін және сапаны басқару жөніндегі департаментінің үш маманы ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибесіне (ИКАО Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына 11-қосымша), EASA-ның Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген жағдайлар орын алған кезде әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және өзектілендіру процестеріне қатысты бөлігіндегі нормативтік талаптарына сәйкес «Contingency measures and crisis management [GEN-CTG] (Күтпеген жағдайлар кезіндегі іс-шаралар және төтенше жағдайларда басқару)» бағдарламасы бойынша Еуробақылау аэронавигация институтында білім алды.

Аталған курста аэронавигациялық қызмет көрсету кезінде төтенше жағдайлар туындаған кезде қолданылатын шараларды әзірлеу негіздері қарастырылды. Сонымен қатар, аэронавигациялық қызмет көрсету барысындағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды жоспарлау бойынша EUROCONTROL нұсқаулығына негізделген ірі төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік пен үздіксіз қызмет көрсету аспектілері қарастырылды. Тәуекелдерді бағалау тақырыптары, сондай-ақ төтенше жағдайда туындауы мүмкін ұшу қауіпсіздігінің маңызды мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Курс соңында біздің мамандар курстан өткендігі туралы сертификат алды.

35