ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының ұжымы Амал мерекесін атап өтті

Құрылды 15.03.2019 08:29

14 наурыз қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі - Көрісу күні. Бұл күнді атап өту дәстүрі негізінен Қазақстанның батыс облыстарында сақталған. Көрісу - қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Бұл мерекені Маңғыстау өңірінің жұрты Амал мерекесі  деп те атайды.

Осы мерекеге орай «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының ұжымы да дастархан басында бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жолдады. 

53