ruenkz

Наурыз мейрамы

Құрылды 26.03.2019 14:19

Өскемен филиалы 

«Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Өскемен филиалының қызметкерлері 2019 жылғы 16 наурыз күні «Наурыз мейрамы» мерекесі қарсаңында демалыс күнін ерекше өткізді. Кәсіподақ ұйымының қолдауымен қала сыртындағы «Алтайские Альпы» көркем тау шаңғысы курортына барды. Кәсіпорын қызметкерлеріне бұл күні әріптестерінің ортасында мерекелік дастарханда отыруға, табиғатпен бірге болуды сезінуге, таудың таза ауасымен рахаттануға, тау шаңғысы, сноуборд, сьюбах және шанамен сырғанауға тамаша мүмкіндік туды. Шығыс Қазақстан облысының табиғи климаты көктемгі Наурыз мерекесін ұмытылмас көрініс беретін қарлы баурайларда оңай қарсы алуға өте жайлы болды. Тау шаңғысы курорты – бұл, әрине, ең алдымен, күш, төзімділік және жақсы физикалық дайындықты қажет ететін белсенді салауатты өмір салты, бұл – ұмытылмас эмоциялар, уақытты көңілді өткізу. Спортпен айналысу тұтастай ағза жүйесіне әсерін тигізе отырып, адамның денесі мен рухын нығайтатыны жасырын емес. Өскемен филиалында жас мамандар ғана емес, сондай-ақ жасы келген жұмысшылардың да белсенді салауатты өмір салтын ұстанатындығы қуантарлық жағдай. Бұл «Наурыз мейрамы» қарсаңында өткен нағыз ұмытылмас күн болды!

 

Ақтау филиалы

Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының ұжымы мерекелік кеш өткізді. Кешке «Ақтау Халықаралық әуежайы» АҚ өкілдері мен Ақтау филиалының ардагерлері шақырылды. Кеш барысында қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінен құрылған қойылымдардан сайыс ұйымдастырылды. Кеш нәтижесінде бірінші орынды киіз үйдің ішкі көрінісімен таныстыра отырып, «Асар» дәстүрін дәріптеп, «Қамажай» биін билеп, халық әнін орындаған Әкімшілік-шаруашылық бөлімі иеленді. Екінші орын қазақтың ұлттық киімдерінен сән үлгісін көрсетіп, «Қазағымсың» әнін тарту еткен Метеорологиялық қызметтің тобына бұйырды. Ал үшінші орын «Наурыз-көктем» әнін шырқап, «Сыңсу» тұрмыс-салт жырынан үзінді көрсетіп, домбырамен күй тартқан Әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері тобы иеленді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік қазақ ұлттық киімі» номинациясы бойынша бес жеңімпазға сыйлық сертификаттары табыс етілді.

 

Қостанай филиалы

Қостанай филиалында Наурыз мейрамын мерекелеу 16 наурызда кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мини-футболдан өткен спорт жарысынан басталды. Жарысқа Қостанай әуежайының аумағында орналасқан компаниялардың: «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалының, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ-ның, 36739 әскери бөлімінің өкілдері қатысты.

Табан тірескен адал күресте бірінші орынға Қостанай филиалының ұжымы ие болды. Ең үздік ойыншы ретінде бірауыздан ӘҚҚ қызметінің тағылымдамадан өтуші диспетчері Жанат Серменов танылды. Наурыз мерекесіне арналған барлық жарыстың қатысушылары сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шара филиал қызметкерлерінің әсем ұлттық киімдерімен ерекшеленген тойға ұласты. Ұжым қызметкерлері қазақтың салт-дәстүрлерін  көрсетіп, ұлттық тағамдар қойылған мол дастарқан жайды.

Мереке ұлттық әдет-ғұрыпты сақтауға ықпал етеді. Бұл мерекенің жоғары мәдени құндылығы – халықтар арасындағы достықты нығайтып, ұжымның рухани өміріндегі Наурыз мерекесінің рөлін күшейтуде.

Атырау филиалы

Көктемгі күн мен түннің теңелуі – табиғаттың оянуының символы ғана емес, ұлы достықтың, бірлік, бейбітшіліктің, мейірімділік пен келісімнің мерекесі. Биыл Наурыз мейрамы «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында ерекше сезілді, наурыз мейрамын Көрісу күні - 14 наурыздан бастап қарсы алуды бастады, қызметкерлер жұмысқа ұлттық нақыштағы киіммен келді, жастары кішілері жасы үлкен  әріптестерімен көрісуге асықты, үлкендерге сәлем бере отырып, бата сұрады. Бір-біріне ұлттық тағамдарды ұсынып, жылы тілектерін арнады.

20 наурыз күні «Армысың, әз Наурыз» тақырыбындағы іс-шарасын Атырау филиалының қызметкерлері қонаққа шақырылған зейнеткерлермен атап өтті. 

Қызметкерлер арасында концерттік және сахналық қойылымдар ұйымдастырылды, қызметкерлеріміздің өнерлі балалары ән салып, домбыра мен шертерде күй тартып, ән салды, ұлттық билерден өнер көрсетті. Жігіттер арасында «Көкпар» сайысы өтті, көп сұраққа жауап бергендер сайыс жеңімпазы атанды,  сонымен бірге  қызмет пен бөлімдер арасында «Қазақ халқының салт-дәстүрінің үздік білгірі» жарысы, «Арқан тартысу», «Асық ату», «Ләнкі ату» секілді қазақтың ұлттық ойындары өткізілді. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етіліп, естелік сыйлықтармен марапатталды.

55