ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы жыл сайынғы «World Air Traffic Management Congress -2019» дүниежүзілік конгресіне қатысты

Құрылды 27.03.2019 17:02

2019 жылғы 11-15 наурыз аралығында бас директор А.Ғ. Бектұровтың басшылығымен «Қазаэронавигация» РМК делегациясы Мадрид қаласында (Испания) CANSO және ATCA ұйымдастырған жыл сайынғы «World Air Traffic Management Congress -2019» дүниежүзілік конгресіне қатысты.

Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі дүниежүзілік конгресс –   әуе қозғалысын басқару саласындағы жетекші әлемдік провайдерлер мен жабдық өндірушілерді біріктіретін ірі салалық іс-шара.

«World ATM Congress - 2019» әуе қозғалысын басқару бойынша бесінші жыл сайынғы Дүниежүзілік конгреске қатысушылардың рекордты саны келді – тіркелген 7757 қатысушы және 131 елден 230 экспонент.

Форум аясында «Қазаэронавигация» РМК делегациясы Leidos, DFS, Thales, НИТА, ВНИИРА ӘҚҚК сияқты аэронавигациялық жабдықтың жетекші өнім берушілерімен жұмыс кездесулерін өткізді, онда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация стендтер мен шетелдік өндірушілерге барып, ӘҚБ, аэронавигация, бақылау және байланыс саласындағы соңғы әзірлемелермен танысты.

ӘҚҰ бойынша келесі Дүниежүзілік конгресс 2020 жылы  10-12 наурыз аралығында өтеді.

108