ruenkz

Тәжірибелі авиадиспетчер жұмыс істейтін жерде тәртіп бірінші орында!

Құрылды 17.04.2019 09:28

12 сәуір ғарышкерлер күні жастардың ӘҚҚ диспетчерлерінің қызметіне деген қызығушылығын тудыру мақсатында «Қазаэронавигация» РМК Астана қаласының №73 физика-техникалық лицейінің 10-11 сынып оқушылары үшін презентация өткізді. Болашақ түлектер презентацияға үлкен қызығушылық танытты. Оқушылар мен оқытушылардың көпшілігі үшін ӘҚҚ диспетчері деген мамандықтың болуы, әуедегі қауіпсіздік үшін жауапкершіліктің және тез шешім қабылдай білу қабілетінің маңыздылығы жаңалық болды.

Әрбір диспетчер әуе кеңістігіндегі жүздеген адамның өмірі оның шешіміне байланысты екенін біледі. Әкімшілік және кадрлық жұмыс департаменті директорының орынбасары Б. С. Смағұлов кәсіпорынның тарихы, ӘҚҚ диспетчерлерінің әлеуметтік өмірі туралы айтып берді. Сонымен қатар, ӘҚҚ диспетчері лауазымына орналасушының қандай қасиеттерге ие болу қажеттігіне ерекше тоқталды. «Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО» филиалының ұшу басшысы М.Ж. Китибаев аэронавигациялық қызметтегі өзінің 30 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, диспетчердің ұшақтарды қауіпсіз қашықтыққа жылдам орналастыруын талап ететін күтпеген жағдайлар болатыны туралы айтып берді.

Презентация соңында оқушыларға «Аспан командирлері» атты деректі фильм көрсетілді.

Ал сіз тәжірибелі авиадиспетчер жұмыс істейтін жерде қатаң тәртіп болатыны, ал мамандар командасының әрбір әрекеті алдын ала ойластырылатыны туралы білетін бе едіңіз?

68