ruenkz

«Қазаэронавинация» РМК өкілдері авиамаршруттар бойынша өткен Еуропалық форум мен Routes Europe көрмесіне қатысты

Құрылды 19.04.2019 14:16

2019 жылдың 8-10 сәуірі аралығында Ганновер қаласында (Германия) Hannover Congress Centrum көрме орталығында авиамаршруттар бойынша Еуропалық форум мен Routes Europe көрмесі өтті.

Routes Europe көрмесі ұйымдардың әлемдік жетекші авиакомпания және әуежайлармен жаңа іскерлік қатынастар орнататын тиімді платформа. Бұл іс-шараға авиация саласының 1200-ден астам өкілдері: еуропалық және халықаралық авиакомпаниялар мен әуежайлар, агенттер, туроператорлар, өнім берушілер, инвесторлар, халықаралық және өңірлік қауымдастықтар қатысты.

«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп форумға қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізді. Тікелей кездесулер форматында авиакомпаниялардың Кәсіпорынмен және әуежаймен өзара іс-қимыл мәселелері, Қазақстаннан Еуропаға және Азияға маршруттарды дамыту перспективалары, әуе қатынасы мен жаңа маршруттарды дамытудағы проблемалар талқыланды, сондай-ақ авиакомпаниялардың жоспарлары таныстырылды.

57