ruenkz

Павлодар филиалында ATIS жабдығын орнату

Құрылды 22.04.2019 10:48

«Қазаэронавигация» РМК-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында Павлодар филиалында қазақстандық және халықаралық нормативтік құжаттарға сәйкес әуеайлақ ауданында ағымдағы метеорологиялық және жедел навигациялық ақпаратты ағылшын және орыс тілдерінде автоматты түрде беруге арналған ATIS (automatic terminal information service) жабдығын кезең-кезеңмен орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта «ТИС» ЖШС мамандарымен жүйенің қабылдау-тарату жабдығы орнатылып, параметрлері қойылды. «Фирма «НИТА» ЖШҚ-мен жасалған шарт бойынша әрі қарай АТІЅ тарату жабдығы үшін ақпарат көзі болып табылатын «АМетИСт» («Аметист» АТ АҚК) ақпараттық хабар таратуды автоматтандыру құралдарының кешенін орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

АТІЅ әуе кемелерінің экипаждарына авиациялық қолдауды қамтамасыз ететін және ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсетуде қосалқы рөл атқаратын дербес құрал.

АТІЅ жабдығын пайдалану ӘҚБ диспетчерін ӘҚБ аудандарында және әуеайлақтарда тез өзгеретін метеорологиялық жағдайларды жинау және әуе кемелерінің экипаждарына беру бойынша ескішілдікке негізделген операцияларды орындаудан босата отырып, оған жүктелетін жалпы жұмыс көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

37