ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы Будапешт қаласындағы Entry Point Central авиациялық оқу орталығында сапармен болды

Құрылды 23.04.2019 08:37

Entry Point North AB мен «Қазаэронавигация» РМК арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында басқарушы директор – аппарат басшысы Қ.Ғ.Кәкен бастаған «Қазаэронавигация» РМК делегациясы 2019  жылғы 14-18 сәуір аралығында  Будапешт қаласындағы (Венгрия) Entry Point Central авиациялық оқу орталығына (EPN филиалы) сапармен барды.

Авиациялық оқу орталығы Будапешт халықаралық әуежайынан 7 км қашықтықтағы Hungaro Control штаб-пәтерінде орналасқан және бастапқы даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, авиадиспетчерлерге арналған арнайы курстарды қамтамасыз етеді.

Сапар барысында Будапешт қаласында Entry Point North AB өкілдерімен және Entry Point Central авиациялық оқу орталығының басшылығымен жұмыс кездесулері өтті.

Кездесу барысында Entry Point Central авиациялық оқу орталығындағы ӘҚҚ курстарының бағдарламалары ұсынылды.

Сапар аясында «Қазаэронавигация» РМК делегациясы авиациялық оқу орталығының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу жайлары мен жаттығу залдарын аралады.

54