ruenkz

Qazaq Air ұшақтар паркін кеңейте бастады

Құрылды 23.04.2019 08:49

2015 жылы құрылған Қазақстанның мемлекеттік өңірлік авиакомпаниясы Qazaq Air лизингке алынбай сатып алынған ұшақтардың есебінен әуе кемелері паркін кеңейте бастады. Тасымалдаушының флоты кеше төртінші турбиналы-винтті Bombardier Q400 NextGen ұшағымен толықты. Жас өңірлік авиакомпания тек канадалық өндірушіні ғана пайдаланады. Желтоқсан айында әуе кемелері паркін кеңейту жоспары туралы авикомпанияның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Адель Дәулетбек хабарлады.

Авиакомпанияға берілген тіркеу нөмірі P4-FLY (MSN 4595) әуе кемесі сәуір айының соңына қарай тұрақты авиарейстерді орындай бастайды. Жаздың басында авиакомпанияның әуе кемелері паркінде бес машина болады.

33