ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Қарағанды қаласының мектеп-лицейлерінде кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырды.

Құрылды 25.04.2019 14:54

2019 жылғы сәуірде «Қазаэронавигация» РМК өкілдері Қарағанды қаласының мектеп-лицейлерінде кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырды. Басты міндет - келешек мамандарды тарту, мекеме туралы ақпаратты тарату, жастардың авиация саласына қызығушылықтарын арттыру.

Мақсатты аудитория (оқушылар және мектеп мұғалімдері) алдында қызмет саласы, біздің мекемеміздің құрамдас құрылымдық бөлігі туралы ақпараттар, басты борышымыз - қауіпсіздікті және сапаны қамтамасыз ету екендігі туралы айтылды. Авиадиспетчердің және метеорологтың қызметі талқыланды, осы лауазымдардың жауапкершілік және кәсіпқойлық деңгейі көрсетілді. Диспетчерлердің бастапқы даярлау курсына өтінім беру үдерісі, болашақта жұмысқа орналасу кепілімен «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында, сонымен қатар еуропа елдеріндегі авиациялық оқыту орталықтарында оқу мүмкіндігі туралы  сипатталды. 

Сондай-ақ, оқушылар тарапынан аса қызығушылық танылды. Диспетчер және метеоролог қызметінің аспектілеріне қатысты қойылған сұрақтар, жастардың болашақ мамандар ретіне білімін, энергиясы мен қызығушылығын көрсетті. Әсіресе бұл осы жылы - Жастар жылында көрнекі, себебі жастар - заманауй әлемде біздің еліміздің  бәсекеге қабілеттілігінің өзекті  факторларының бірі.

34