ruenkz

Алғашқы сериялық VRT500 тікұшағын шығару 2021 жылға жоспарланған

Құрылды 29.04.2019 09:25

"Вертолеты России" холдингінде құрастырылатын жаңа VRT500 тікұшағы қысқа мерзім ішінде сериялық өндіріске түсуі мүмкін.  "Вертолеты России" холдингі қазіргі уақытта винт қанатты машинаның жұмыс конструкторлық құжаттамасын әзірлеуге кіріскенін хабарлады. Бұл кезеңді 2021 жылдың соңында Ұлан-Удэн авиациялық зауытында алғашқы сериялық VRT500 тікұшағын шығарумен аяқтау жоспарланып отыр.

Үлгілік алғашқы тікұшақты сынақтан өткізу 2020 жылға жоспарланған. Бірінші ұшу орындалғаннан кейін бір жылдан соң сериялық тікұшақ шығару жоспары, дегенмен батыл қадам.

Vrt500 құрастырумен айналысатын Холдингтің еншілес компаниясы "ВР-Технологии" конструкторлық бюросының бас директоры Александр Охонько винт қанатты машинаны өткізудің әлеуетті нарығы Еуропа екенін атап өтті. Сондықтан ағымдағы жылдың ішінде Еуропаның авиатасымалдар қауіпсіздігі жөніндегі агенттігіне (EASA) тікұшақты сертификаттауға өтінім беру жоспарланып отыр.

 

42