ruenkz

FlyArystan лоукостері Алматыдан Нұр-Сұлтанға алғашқы рейс жасады

Құрылды 03.05.2019 14:41

Бүгін астаналық әуежайда FlyArystan бюджеттік авиакомпаниясының бірінші рейсінің салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл туралы ААК баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараға "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, "Эйр Астана" авиакомпаниясының президенті Питер Фостер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan алғашқы рейсін Алматыдан Нұрсұлтанға жайлы 180-орындық Airbus A320 авиалайнерінде жасады. FlyArystan жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жоғары сервис пен қол жетімді ұшуларды қамтамасыз етумен қатар, бортқа Recaro 3530 SLIM неміс өндірісінің былғары қаптамадағы қайырмалы жіңішке арқалықтары бар, 70 см-ден 82 см-ге дейінгі кең қадамды жаңа креслоларын орнатты.

Жолаушыларға 3999 теңгеден бір жаққа қол жетімді ұшуларды ұсына отырып, FlyArystan бұрын авиасаяхатқа қол жеткізе алмаған жолаушылардың жаңа сегментін тартуды жоспарлап отыр.

42