ruenkz

"Қазаэронавигация" РМК-ның қызметкерлері Өскемен және Семей мектептерінде кәсіби бағдарлау сабақтарын өткізді

Құрылды 04.05.2019 10:22

Міне, көктем де келді. Ауа өне-бойыңды толқытатын қуанышқа, армандармен және жылы жаздың лебіне толы. Алайда жоғары сынып оқушыларының алдында үлкен міндет тұр. Мектеп бітіру емтихандарын тапсырып, болашақ мамандығын дұрыс таңдау оңайға соқпайды.

"Қазаэронавигация" РМК авиадиспетчерлері Өскемен қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берді.  №1 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінде, №25 облыстық математика, физика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінде бағыт-бағдар беру іңгімелері жүргізілді.

Біз Қазақстан Республикасындағы авиадиспетчер мамандығы туралы ақпаратты және біздің кәсіпорынымызды таныстырып өттік. Мектеп түлектері үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтарға толық жауап алды.

Біз аудиторияның кем дегенде бір бөлігін қызықтырғанымызға сенімдіміз және олар осы мамандықты таңдау туралы шындап ойланады деп үміттенеміз.

"Қазаэронавигация" РМК Өскемен филиалы ӘҚҚ қызметінің "Семей Мұнара" ДП мамандары 2019 жылғы 24-25 сәуір аралығында ШҚО, Семей қаласының №6 және №1 орта мектеп-гимназияларының жоғарғы сынып оқушыларын ӘҚҚ диспетчерінің жұмыс ерекшелігі туралы және жалпы "Қазаэронавигация" РМК туралы хабардар ету мақсатында іс-шаралар өткізді.

Оқушылар берілген тақырыпқа қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

32