ruenkz

Жезқазғандағы кәсіби бағдарлау сабақтары

Құрылды 06.05.2019 10:38

2019 жылы 25 сәуірде «Қазаэронавигация» РМК Қарағанды филиалының «Жезқазған» алыс жердегі орны  өкілдері Жезқазған қаласының мектептерінде кәсіби бағдарлау жұмысын ұйымдастырды. Жұмыстың басты мақсаты – мекеме жайында ақпарат тарату арқылы және бүгінгі күнде авиадиспетчер және метеоролог секілді мамандықтардың жоғары сұранысын көрсетіп, сонымен қатар келешек ұрпақтың авиация саласымен таныстырып, қызығаушылықтарын арттыру болды.

Оқушылар мен оқытушылардан құралған мақсатты аудитория алдында біздің мекеме және оның қызметкерлерінің басты борышы, яғни қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету үшін алға қойылған мақсаттар айтылды. Сонымен қатар авиадиспетчер және метеоролог мамандықтарының оқушылар алдында мәртебесін көрсету және көтеру мақсатында қызметтік борышы айтылып талқыланды.

Сондай-ақ, оқушылар тарапынан авиация саласына аса қызығушылық байқалды. Болашақ түлектер тарапынан қойылған сұрақтар авиация саласында қызметтік жолды бастау шарттары және үдерістері жайында болды. Түлектерге диспетчерлердің бастапқы даярлау курсына өтінім беру үдерісі, «Қазаэронавигация» РМК Кәсіби дайындау орталығында оқу мүмкіндіктері жайлы толыққанды ақпарат берілді. Сонымен қатар болашақ мамандардың дамуы үшін шет елде оқу жобаларын талқылауға ерекше мән берілді.

17