ruenkz

SpiceJet 10 маусымнан бастап Қазақстанға ұшатын рейстерін ашуды жоспарлап отыр

Құрылды 13.05.2019 09:44

Үндінің SpiceJet авиакомпаниясы 2019 жылдың 10 маусымынан бастап Дели – Алматы – Дели бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындап бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Kapital.kz баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев SpiceJet Үнді авиакомпаниясының аға бас менеджері Манож Кумармен кездесу өткізді. Кездесу барысында авиакомпанияның екі ел арасындағы тұрақты рейстерді орындау жоспарлары талқыланды.

SpiceJet – жергілікті және халықаралық ұшуларды орындайтын Үндінің бюджеттік авиакомпаниясы. Ішкі әуе қатынастарынан басқа компания Ауғанстан, Бангладеш, Гонконг, Таиланд, Шри-Ланка, БАӘ, Оман және Мальдиваға қатынайтын рейстерді орындайды.

Пәкістанның әуе кеңістігі бұдан кейін де жабылған жағдайда авиакомпания өз рейстерін Оман, Иран, Ауғанстан және Өзбекстан әуе кеңістігі арқылы орындауды жоспарлап отыр. Бір жаққа дейін ұшу ұзақтығы шамамен 7 сағатты құрайды.

38