ruenkz

FlyArystan базалық айлақ іздестіруде

Құрылды 13.05.2019 10:15

FlyArystan базалық әуеайлақ болатын әуежайды таңдап алып, дәл сол жерде екі Airbus А320 лайнері, инженерлік-техникалық база және ұшқыштар құрамы орналастырылатын болады. Бұл туралы авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып,  Kapital.kz хабарлады.

"Алғашқы қазақстандық FlyArystan лоукостері Қазақстан әуежайлары арасында ашық конкурс жариялайды, оның жеңімпазы жылына миллион адамға дейінгі жыл сайынғы жолаушылар ағынына ие болады, сондай-ақ ішкі және халықаралық рейстер бойынша 8-10 бағытқа дейін жаңа әуе қатынасын ашу мүмкіндігін алады. Байқауға Қазақстанның ірі және шағын қалаларының 18 әуежайы қатыса алады, оның талаптарына сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін ең тиімді коммерциялық ұсыныс берілуге тиіс", – делінген хабарламада.

«Жеңімпаз қала әуежайдың өзінде жүздеген жұмыс орнын ашып, жергілікті туризмді, инфрақұрылымды және басқа да ілеспе қызмет түрлерін дамытуға мүмкіндік алады» деп атап көрсетілді компанияда.

Өтінімдерді қарау және конкурс жеңімпазын жариялау II тоқсанға жоспарланған. Жеңімпаз әуежай базасындағы жұмыс осы жылы басталады, ал жолаушыларға қосымша қызметтер 2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың басынан бастап ұсынылатын болады.

 

20