ruenkz

Павлодар филиалының өкілдері C. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді

Құрылды 14.05.2019 10:12

2019 жылы 30 сәуірде «Қазаэронавигация» РМК Павлодар филиалының өкілдері кәсіпорнымыздың кадрлық резервін әрі қарай қалыптастыру үшін ЖОО студенттері мен түлектерінің авиадиспетчердің, авиациялық метеоролог – болжаушы және бақылаушының қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында Павлодар мемлекеттік университетінің 3-4 курс студенттері арасында кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды.

Тыңдаушыларға жұмыстың негізгі бағыттары, құрылымы, мақсаттары, міндеттері, сондай-ақ «Қазаэронавигация» РМК даму перспективалары, авиадиспетчерлер мен авиациялық метеорологтардың жұмысын ұйымдастыру, осы мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдау кезінде үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы айтылып, авиациялық мамандарды даярлау, қайта даярлау, кәсіби деңгейін арттыру бойынша оқу орындары атап өтілді.

Студенттерге сайттың мекенжайы көрсетілген буклеттер таратылды. Барлық ниет білдірушілер сайттан бос жұмыс орындары, талап етілетін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары, жұмысқа қабылдау ережелері туралы толық ақпарат ала алады.

Тыңдаушылар презентацияланған мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты.

62