ruenkz

ТМД-ның мамыр айындағы мереке күндері сапар жасауға болатын ең әсем қалалары аталды

Құрылды 16.05.2019 08:57

Әзірбайжанға, Белоруссияға және Қазақстанға туристік сапарлар ресейлік туристердің ТМД және таяу шетелдерге 2019 жылғы мамыр айындағы мереке күндері саяхат жасау рейтингісінде көш бастап тұр, деп хабарлайды ТурСтат. Сараптамалық агенттік саяхатшылардың сапарлары үшін ТМД-дағы ең сұранысқа ие қалалардың тізімін құрады. Қалалар рейтингі мамыр айындағы туристік сапарлардың танымалдығын талдау нәтижелері бойынша ұсынылған.

Тізімде Әзірбайжан астанасы Баку көш бастап тұр. Екінші орында Белоруссия астанасы Минск қаласы, үшінші орында – Қазақстандағы Нұр-сұлтан (Астана) қаласы. Одан әрі Армениядағы Ереван, Қазақстандағы Алматы, Өзбекстандағы Ташкент, Қырғызстандағы Бішкек, Молдавиядағы Кишинев, Тәжікстандағы Душанбе және Түрікменстандағы Ашхабад орналасқан.

Баку

 

Минск

 

Нур-Султан

18