ruenkz

Entry Point North делегациясы «Қазаэронавигация» РМК бас кеңсесінде болды

Құрылды 23.05.2019 08:37

Entry Point North AB мен «Қазаэронавигация» РМК арасындағы өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум аясында 2019 жылғы                       14-16 мамырда бас директор Анна-Катерина Дженсен ханым бастаған Entry Point North делегациясы Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келді. Сапар барысында 15 мамырда  «Қазаэронавигация» РМК басшылығымен жұмыс кеңесі өтті.

Анна-Катерина Дженсен  ханым Entry Point North компаниясының презентациясын ұсынды. Одан кейін тараптар ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ тараптар кәсіби даярлау бойынша ақпаратпен алмасып, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

35