ruenkz

Pegasus тік бағытта ұшу және қону мүмкіндігі бар бизнес-джетті көрсетеді

Құрылды 23.05.2019 14:05

Оңтүстік Африкалық Pegasus Universal Aerospace компаниясы еуропалық EBACE бизнес авиация көрмесінде алғаш рет тік бағытта ұшу және қонумүмкіндігі бар бизнес-джетті ұсынатын болады (VTOL). VBJ (vertical business jet) атауына ие болған композиттік ұшақтың прототипі көпшілікке 1:8 масштабында көрсетілмек. Flight Global басылымы хабарлағандай, компания аталған әуе кемесіне тапсырыс қабылдауды бастайтын болады.

Ұшақ ҰҚЖ-дан ұшып көтерілген кезде 4,4 мың км. дейінгі және тік бағытта ұшып көтерілген кезде 2,1 мың км. дейінгі қашықтыққа барлығы сегіз жолаушыға дейін тасымалдай алады. Крейсерлік жылдамдығы сағатына 796 км, ұшу биіктігі – 35 мың футты құрайды.

1:8 масштабтағы прототип ұшу сипаттамаларын көрсету және көлденең ұшудан тік бағытты ұшуға ауысу мүмкіндігін көрсету үшін Преторияда (ОАР) сынақтан өтті. Көп ұзамай Pegasus Universal Aerospace ұшу сынақтары 2020 жылдың ортасында басталуға тиіс бірінші толық масштабты прототип өндіруді бастайды.

29