ruenkz

Көкшетау мен Мәскеу арасында халықаралық рейс ашылды

Құрылды 28.05.2019 09:52

Халықаралық әуе қатынасы географиясын кеңейту бойынша іс-шаралар аясында 2019 жылдың 27 мамырынан бастап Ресейдің «ИрАэро» авиакомпаниясы Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындап бастады.

Осы рейсті орындау 2012 жылы ЖҰҚЖ мен аэровокзалды қайта жаңарту кезінде халықаралық мәртебеге ие болған Көкшетау әуежайының дамуына өз септігін тигізбек.

Көкшетау қаласынан келген жолаушылар мен Щучье-Бурабай курорттық аймағында демалушылар енді ТМД елдеріне және алыс шетелдерге ұшу кезінде уақыт пен қаражатын үнемдейтін болады.

16