ruenkz

"Қазаэронавигация "РМК спорттық демалыс күндері

Құрылды 29.05.2019 13:08

Өткен жексенбіде 26 мамыр күні Нұр-Сұлтан қ.  Триатлон паркінде IV BI Marathon өтті. Биылғы жылы дәстүрлі спорттық шараға 26 елден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, АҚШ пен Үндістаннан және басқа елдерден 7,6 мыңнан астам адам қатысты.

"Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері осы спорттық іс-шарадан тыс қалған жоқ.       

Осылайша, жүгіріске екінші рет кәсіпорынның бас бухгалтері Г.Е. Нұрмұханбет 10 шақырымға, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру басқармасының 2 санатты маманы А.Г. Исабеков 21 шақырымға қатысты. Алғашқы рет жартылай марафонға аэронавигациялық жиындар бөлімінің маманы А.Н. Рахимбергенова қатысты. Барлық қызметкерлер финишерлердің естелік медальдарына ие болды.

Сонымен қатар, марафонға бір күн қалғанда, 25 мамыр күні осы саябақта 2 километр қашықтықта бес пен 13 жас аралығындағы балалар үшін жүгіру өтті. Оған "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлерінің балалары да белсене қатысты.

Дәл осы күні Шымкент қаласында триатлоннан Азия Кубогы өтті, оған 14 елден спортшылар қатысты.

Спортшылар 1,5 шақырымды жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен жүріп өтіп, жарысты 10 шақырымға жүгірумен аяқтады.

Біздің әріптесіміз - Қызметкерлермен жұмыс істеу және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы Х.А. Сераев қажырлы күресте өзінің жас санатында 3 орын алды.

Х.А. Сераев 2019 жылғы 16 маусымда Нұр-Сұлтан қ. өтетін триатлон бойынша әлем кубогының кезеңіне қатысуды жоспарлап отыр.

Біздің әріптестерімізді спорттық жетістіктерімен құттықтаймыз және оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!

12