ruenkz

Қазақстандықтарға ұшақтағы балалар үшін қандай жағдайда төлемеуіне болады

Құрылды 30.05.2019 14:04

Қазақстанда балаларды Kids go free принципі бойынша тегін авиатасымалдау үшін авиамаршруттарды субсидиялау жоспарлануда. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, sputniknews.kz хабарлады.
Субсидиялауды растайтын құжатты ұсынған жағдайда, бір ата-анаға екі бала деген «1+2» схемасы бойынша енгізу жоспарлануда. Министр мұндай тәжірибе әлемнің көптеген дамыған елдерінде - Ұлыбритания (British Airways), Катар (Qatar Airways), Скандинавия (Scandinavian Airlines), Таитиде (Air Tahiti Nui) кеңінен пайдаланылатынын атап өтті.
«Біз қазір мемлекеттік бағдарламаны енгіздік, бекітілуін күтіп отырмыз және туристік қызмет туралы заңға енгізбекпіз. Бұл үлкен плюс, мысалы, (шығыстар) жабылған кезде. Егер бір ата-ана ел ішінде демалуға ұшса, онда тағы 15 жасқа дейінгі екі бала ұшады деген сөз, оларға тегін авиабилеттер беріледі. Тегін. Ел ішінде», - деп түсіндірді министр журналистерге.
Ол мұндай жаңашылдық ішкі туризмді дамытуға бағытталғанын атап өтті. Мерзімдері туралы айта келе, Мухамедиұлы процедураны бір-екі ай ішінде аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады. Осылайша, бағдарлама 2019 жылдың шілде-тамыз айларында күшіне енуі мүмкін.

6