ruenkz

Петропавл әуежайы жаңа халықаралық рейсті қабылдайды

Құрылды 31.05.2019 10:41

Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңында Ил-14 ұшағында Петропавл тұрғындары алғаш рет Алматы-Петропавл-Мәскеу рейсімен КСРО астанасына ұшып барған болатын.
Уақыт өте келе, 80-жылдары Петропавл әуежайында рейстердің саны тәулігіне 100-ге жетті. Мәскеуге күніне 3 рейске дейін ұшып тұрды.
Жылдар өтті, өте көп өзгеріс болды, бірақ, өкінішке орай, тек жақсы жағына қарай емес, және 90-жылдардың соңынан Мәскеуге ұшатын тұрақты рейстер тоқтатылды.
Бірақ прогресс бір орында тұрмайды! Жақында Петропавл әуежайы қайта жөндеуден өтті. Бізде енді жаңа ҰҚЖ, жарық-сигналдық жабдықтар, локаторлар, навигация жүйелері орнатылды – осының бәрі тез болмаса да, жоғарыға қарай бағыт алуға мүмкіндік берді! 29 мамырдан бастап біздегі республикалық рейстерге Superjet 100 ұшағымен орындалатын Мәскеу-Петропавл-Мәскеу халықаралық тікелей рейсі қосылды.
Петропавл үшін бұл жай ғана рейс емес, оның маңызы күшті, өйткені бұл рейсті жиырма жылдан астам күткен еді.
Ұшақ кесте бойынша ұшып келді, оны дәстүр бойынша өрт сөндіру көліктерінен шашыратып жасалған су аркасымен қарсы алды. Әуежай және «Қазаэронавигация» филиалының мамандары рейстің ешбір келеңсіздіктерсіз өтуі үшін барлығын жасады. Облыс әкімшілігі перронда салтанатты түрде күтіп алды, экипаж бен жолаушыларды ұлттық киімдегі қыздар қарсы алды. Енді Мәскеумен байланыс тек тарих қана емес, үш сағаттан кейін жүздеген қалалар мен елдердің рейстерімен байланысты алып аэротораптың орталығында болу мүмкіндігі туындап отыр. Рейс әзірше аптасына бір рет орындалады, оның сұранысқа ие болатынына күмәніміз жоқ. Жолаушының осындай рейстің бар екеніне тез үйренетініне сенімдіміз. 
Ал осы жылдың маусым айынан бастап Скат авиакомпаниясының Boeing ұшағымен Петропавл - Шарм-Эль-Шейх бағыты бойынша ұшуды бастаймыз.
Біз Сіздерді Петропавл әуежайында қуана қарсы алуға дайынбыз!

36