ruenkz

"Северный ветер" ресейлік авиакомпаниясы Қазақстанға ұша бастайды

Құрылды 04.06.2019 11:16

Азаматтық авиация комитеті «Северный ветер» (Nordwind) ресейлік авиакомпаниясын аккредиттеу туралы куәлік берді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
«Көктемгі-жазғы навигация кезінде Северный ветер» Самара – Алматы бағыты бойынша аптасына бір рет тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын болады. Қазақстанға рейстер Boeing 737 және Airbus 321 типті әуе кемелерінде орындалады», - деп хабарлайды авиация комитеті.
Айта кетейік, Қазақстанның барлық халықаралық рейстерінің үштен бірін Ресеймен тасымалдауға тура келеді.
"Северный ветер" (Nordwind) авиакомпаниясы 2008 жылдан бастап жұмыс істейді және жолаушылар тасымалы бойынша Ресей Федерациясының Топ-10 авиакомпаниясына кіреді.
 

8